• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары ХIХ ғасырдағы құлыптар коллекциясы мұражай қорын толықтырды. 2016

ХIХ ғасырдағы құлыптар коллекциясы мұражай қорын толықтырды. 2016

Коллекция замочков ХIХ века пополнила музейные фонды. 2016Коллекция замочков ХIХ века пополнила музейные фонды. 2016

Құлыптар өткен дәуір артефактісіне айналмас бұрын, тікелей мақсатта пайдаланылды: шабадандар мен қобдишалардың ішін бөгде адамдар көрмес үшін құлыптап қоятын.  

  –  Коллекция құрамына 40 бұйым кіреді, бұл ХІХ ғасыр соңымен мерзімделетін, патшалық Ресейде жасалған аспалы құлыптар мен кілттер. Көбінде мануфактура иелерінің аттары сақталған. Мысалы, Семен Рыженьков, Костянкин Рыженьков, Михаил Акирьев және басқалары. Құлыптар мыс қорытпалардан жасалған, негізінен шалқан сипатты, жапқыш механизмі – сувальдты, – деді ШҚО мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина. 

Коллекцияда сирек кездесетін үлгілері де бар, олар ұлы Император Сарайы жеткізушілерінің құрметті атағына ие болған Варыпаев және Шлыков мануфактураларында шығарылған. Бұған, құлыптың корпусында бейнеленген Ресей империясының тәжі, Ресей империясының гербі дәлел болады.

Коллекция замочков ХIХ века пополнила музейные фонды. 2016

Бұл атақ ХIХ ғасырдың басында бекітілген. Ол атаққа ие болу үшін, біраз тер төгу керек болды. «сарай жабдықтаушысы» атағы зауыт немесе мануфактура иесіне жеке берілетін болған. Егер жаңа ие пайда болған жағдайда, атаққа қайта еңбек сіңіру керек болған. Барлық өзгерістер енгізілетін арнайы аттар жазылған тізім жүргізілген.

Н. Честнейшина айтқандай, бірақ өткен ғасырларда да ешкім жалған заттардан сақтандырылмаған. Патша сарайы жабдықтаушыларының да өнімдері жасанды болған.   

Ұсталып қалған кезде жауапкершіліктен қашу үшін ХІХ ғасыр цехшілері кейде бір ұсақ бөлшекті сатып алушы байқамайтындай етіп ауыстырған. Мәселен, әріптер жазуда, артық бұрама да қосқан.  

Бір қарағанда, мұражай коллекциясында сарай жабдықтаушыларының шынайы құлыптары бар. 100% көз жеткізу үшін, жеке ғылыми зерттеу қажет болатын шығар.

Дегенмен, ХIХ ғасыр жасандылары да үлкен тарихи құндылыққа ие болады, сол кездің өзінде жасандылықтың болғанын дәлелдейді.

Коллекциялардың бұрынғы иесі құлыптардың көп бөлігін ол Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан тапқанын айтты, кейбіреулері басқа жинақтаушылардан сатып алынған. Коллекцияның өзі бірнеше онжылдықтар бойында құрылған.

  

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …