2016 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасында алғаш рет Алғыс айту күні ресми түрде мейрамдалады. "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" құжатқа толықтыру енгізу туралы Жарлыққа (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173) Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.
25 ақпанда Өскемен қаласының № 9 орта мектебінің оқушылары үшін «1 наурыз – Қазақстан халқының алғыс айту күні» тақырыбына лекция оқылды. Мұражай-қорықтың қызметкері Т.Свахина орта сынып оқушыларын Қазақстан аумағына жер аударылған халықтардың пайда болу тарихымен таныстырды, сол кездері көмек қажет болғандардың барлығына қазақ халқының көрсеткен адамгершілігі жайында әңгімелеп берді. Оқушыларға қоныс аударушылардың өз жерлерінен жер аударылып келгендегі қорқынышты күндері жайлы, Қазақстан ортақ үйлеріне айналғандығы туралы әңгімелейтін мұражай-қорықтың қор коллекциясындағы жәдігерлер көрсетілді. Балалар Алғыс айту күнін неге 1 наурызда тойлайтынымыз туралы да білді – бұл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні (1995 ж.).
Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері 2016 жылғы 1 наурыз күні ТЭК колледж студенттері үшін «Біртұтас ұлт – ортақ тағдыр» атты лекция; № 10 орта мектептің оқушыларына арнап «Бір шаңырақ астында» экскурсиясын; № 36 орта мектеп оқушылары үшін «Ғасырлар үні» іс-шарасын өткізді.
Лекция барысында қазақ этносы тарихының және қазақ музыкалық аспаптарының құрылу тарихы айтылып, бейнеқатар көрсетілді. Іс-шара кезінде ұлттық ойындар ойнатылып, қазақ ұлттық өнері мен халық ауыз шығармашылығы жайлы викторина өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар мұражайдың «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты экспозициясымен танысты.
«Біртұтас ұлт – ортақ тағдыр» атты лекция
Лекция «Единый народ - общая судьба»
Мұражайдың «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты экспозициясы бойынша экскурсия
Экскурсия по экспозиции музея «Мы – единый народ Казахстана»
«Аспапты тауып көр» викторинасы
Викторина «Угадай инструмент»
2016 жылғы 22, 23 ақпан және 1 наурыз күндері мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері № 35, 1, 10, 22 орта мектептің, «Нұр Орда» мекемесінің оқушылары үшін мұражай-қорықтың қор коллекциясынан көрме көрсетумен «Бір шаңырақ астында» атты виртуалды экскурсия өткізді. Іс-шара барысында балалардың ұлттық ойындары ойнатылып, конкурстар жүргізілді.
< Prev | Next > |
---|