2016 жылғы 29 қарашада орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев жалпы білім беретін № 30 мектептің алтыншы сынып оқушылары үшін «Теңге – Қазақстан игілігі» тақырыбында ақылы екі лекция оқыды, іс-шара Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы көрме залындағы аттас тұрақты көрме бойынша өткізілді. Бұл көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Жиырма бес жұлдызды күн» айлығы аясында ұйымдастырылған болатын.
Көрмеде музей-қорық қорының коллекцияларынан және коллекционерлердің жеке жинамаларынан: патшалық Ресейдің, КСРО мен Қазақстан Республикасының монеталары мен банкноттары алынған жәдігерлер назарға ұсынылған. Лекциядан кейін мектеп оқушылары көрме бойынша жеке шағын шығармашылық тапсырмаларды орындады.
< Prev | Next > |
---|