«25 жұлдызды күн» акциясының аясында 6, 13 желтоқсанда ҚАЕУ мен ТЭК колледжінің студенттері үшін музей-қорықта «Президент пен халық біртұтас» тақырыбында лекция оқылды.
Саяси тарих президенттік институттың мемлекеттер өміріндегі айрықша маңызы туралы айғақтайды. ҚР Президентінің ерекше мәртебесі және өкілеттігіне сәйкес, оған заңдылықтың және қоғамдық игіліктің сақталуы үшін айрықша жауапкершілік жүктелген, бұл орайда президент конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекетіміздің азаматтары құқықтарының және бостандықтарының тұрақтылығы үшін кепіл болып табылады.
Қазақстан президенттігі институтының қалыптасуы қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларын жанап өткен дағдарыс кезіне дөп келген болатын. Бұл дегеніміз бұрынғы экономикалық байланыстардың ыдырауы салдарынан болған өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық, тапшылық, гиперинфляция жайлаған кезеңнен аман шығу жолындағы ауыр күрес. Ауыспалы кезеңдегі қиындықтарды жеңіп шығуға біздің президентке саяси көшбасшы бола білу сияқты, көрегендігі мен болжай білгіштігі тәрізді, стратегиялық серіктестер таба білуі сияқты, полиэтникалық мемлекетте бейбітшілік пен тыныштықты сақтай білу сияқты қасиеті көмектесті.
Президент H.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша және оның тікелей қатысуымен Қазақстан тарихында: егемендік пен тәуелсіздіктің жариялануы, мемлекет атауының өзгертілуі, ел экономикасын реформалау, қоғамды демократияландыру, ядролық қарудан бас тарту және әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанды дүниежүзілік өркениеттің толыққанды елі ретінде тануы сияқты маңызды оқиғалар бастан кешілген болатын.
Егемен мемлекет қалыптасуының маңызды да қиын кезеңін қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «XXI ғасыр табалдырығында» атты кітабында Қазақстан Конституциясы қуатты президенттік республиканың қалыптасуын заңды түрде ресімдеді деп жазған болатын. Басты саяси оқиғаларға талдау жасаған кезде республикадағы барлық өзгерістердің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
< Prev | Next > |
---|