Астанада өткен конкурста Өскемен мен Семей қалаларынан барған қолөнершілер өз жұмыстарын тек аталым бойынша ғана емес, мерекелік жәрмеңкеде де көпшілікке ұсына алды.
Шығысқазақстандық шеберлерді республикалық «Шебер-2016» байқауына апаруды музей-қорықтың СҚӨ бөлімінің аға ғылыми қызметкері және ШҚО ҚРО-ның үйлестірушісі Райса Мұхамеджанова ұйымдастырды.
– Байқауға Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам шебер қатысты. Олардың арасынан әр облыстан барған 40 қолөнерші финалға жетті. Солардың бірі – Катонқарағай ауданы Еңбек ауылынан барған шебер Гүлнар Қожамжарова. Ол конкурсқа өзі тоқыған алашаны ұсынып, «Жоғары шеберлік» аталымы бойынша дипломға ие болды, - дейді Р.Мұхамеджанова.
Аға ғылыми қызметкердің айтуына қарағанда, жүлдегерлерді марапаттау шарасына 200-ден астам адам қатысқан. Оның 10-ы - шығысқазақстандықтар. Олар аталған өнер шарасына 150-ден астам бұйым мен кәдесыйлар ұсынды. Ал ШҚО ҚРО-ның үйлестірушісі мен жәрмеңкегке қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Prev | Next > |
---|