• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Бәрі де өз қолыңда. 2017

Бәрі де өз қолыңда. 2017

7 ақпанда музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында жерлестеріміздің сан түрлі әуесқойлықтарымен таныстыратын «Бәрі де өз қолыңда» атты коллекциялар көрмесі болып өтті. Көрмеде келушілер назарына әр түрлі техникалар мен жанрда жасалынған 200-ге тарта экспонат ұсынылды.

Ондағы ең үлкен бөлім кеме мен әскери техникаларға арналған. Сондай-ақ, ұшақтар мен өрт сөндіргіш машиналардың шағын үлгілеріне де молынан орын берілген.. Тым-тым кішірейтілген өлшемдеріне қарамастан, олар өздерінің негізгі прототиптері туралы нақпа-нақ ақпарат береді.. Жалпы, қазіргі кезде небір техникалардың кең көлемді үлгілерін жинастыру түрлі жастағы адамдар мен сан қилы мамандық иелерінің арасында кеңінен тарағанын айта кеткен жөн.

Көрмеге қойылған экспонаттар арасынан ондаған жылдар бұрын қолдан жасалынып, аңызға айналған Харлей Дэвидсон мотоциклінің үлгісін де кездестіруге болады. Оны мотоцикл  иесі көрмеге құпия жағдайда ұсынып отыр.

Музей-қорықта алғаш рет лазерлік техникалардың күшімен жасалған  фанерлер және зергерлік шайырдан жасалынған, ешқашан қайталанбайтын әшекей жұмыстар  қойылды.

Ерекше болмысты  экспозициялардың ашылу салтанатында коллекциялардың иелері өздеріне қойылған сан түрлі сауалдарға жауап қайтарды. Бір айта кетерлігі, ол жерден әркім өзіне ұнаған экспонатты сатып ала алады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …