• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Маған басорамал, көгілдір орамал сыйлашы. 2017

Маған басорамал, көгілдір орамал сыйлашы. 2017

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында  8 наурыз қарсаңында павловопосад басорамалдарының көрмесі ашылды. Ол облыстық музей-қорық пен Ресейдің халықаралық «Ұлы жібек жолы» мәдени-экономикалық ұйымы арасында орнатылған Достық көпірі аясында ұйымдастырылды.

Экспозицияда ешқандай уақытты, ешқандай шекараны білмейтін 100-ден астам павловопосад басорамалдары назарға ұсынылды. IX ғасыр шеберлерінің дәстүрі бойынша дүниеге келген өзіндік суреттер мен ою-өрнектер әлі күнге дейін көз жауын алады. Мәселен, оларға көне бейнелер мен символдарға жататын - құстар, өмір ағашы немесе кейіннен пайда болған гүлдік-өсімдіктік тақырып – гүлшоқтар, жүзім бұтағы мен ірі гүлді вазондарды жатқызуға болады. Айшықты суреттері бар шәлілердің ерекшелігі мынада – оның әрқайсысының өз атауы бар. Мысалы көрмеде шәлілер «Иван мен Марья», «Орыс алтыны», «Марья-ісмер», «Қырым», «Любава», «Келіншек» деген және басқа да атаулармен назарға ұсынылған.

Бұл атақты өндірісті XIX ғасырдың 60-жылдары белгілі көпестер Яков Лузин мен Василий Грязнов ашқан болатын.  Павлово-Посадтық  Басорамал Мануфактурасы өз кезінде қатал бәсекелестікке ұшыраған еді, дегенмен суретшілер мен шеберлердің дарыны арқасында кәсіпорын аяғынан тік тұрып қана қоймай, басорамал индустриясында жетекші орынға ие болды.

 – Павловопосад басорамалы орыстардың сәндік-қолданбалы өнерінің таңдаулы дәстүрлерін сақтап қалуда, бұл ретте жалғыз данада жасалғандары ғана көрмеге қойылды, – деді Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы директорының орынбасары Тамара Николаевна Быкова.  – Бірден көзге түсетін ою-өрнектер XIX  ғасырдың бірінші жартысынан бері мануфактура бұйымдарына көрік бере бастады. Сол кездегі орыс қоғамының барлық топтары арасында гүл бейнесі ерекше сәнге айналып, осы күнге дейін сәнқойлардың сұранысына ие болуда.

 Әсем басорамал  орыс әйелдерінің дәстүрлі костюмінің, яғни күнделікті әрі мерекелерде киетін костюмінің міндетті атрибутына айналған. Айшықты суретті шәлілер мен басорамалдар кезінде әйелдер үшін ең жақсы сыйлық болып есептелетін, аналарды да, әжелерді де, сондай-ақ сүйікті қыздарды да әрдайым қуантып жүретін. Адамдардың арасында Русьте басына орамал салмай, жалаңбас жүру мәдениетсіздік болып табылатын.

 

Көрмені ұйымдастырушылар суретшілердің шығармалары арқылы Ресейдің тамаша халықтық көркемөнер кәсібімен таныса отырып, көрмеге келушілер оның тарихы туралы көбірек білуге, тіпті оның отаны – Павлов Посадқа саяхат жасауға ұмтылар деп үміттенеді. А. Блоктың «Басорамал астынан алыс жолға салған көзжанар жалт еткенде… мүмкін еместің өзі мүмкін, жол ұзақ та болса жеңіл» деп жазғанына павловопосад басорамалы дегенді қосқан жөн сияқты…

Бұл орайда Максим Горький көшесі, 59 мекенжай бойынша 8 Наурыз қарсаңында ашылған көрме бір ай бойы жұмыс істейтінін айта кету керек.


Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …