Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының жылыжайларында 150 мыңнан астам бір жылдық гүлдер өсіріледі.
Жаз мезгілінде олар түрлі түстерімен көз жауын алып, қыста – ел көзінен жасырынады. Жылыжай шаруашылығының жұмыскерлері гүлдердің оннан астам түрін өсіреді. Қыс айлары өтіп, жылы күндер келгенде шырайгүлдер, бегониялар және арыстан ауызы гүлдері музей-қорықтың гүлзарларына «көшіріледі». Ал, әзірше, олар өскемендіктерді өзінің әсемділігімен шаттандыру үшін күш жинауда. Гүлдер әлемінде бізде болып, жылыжай меңгерушісі Ирина Белоусовамен кездесіп қайттық.
- Гүл көшеттерін өсіру оңай шаруа емес, - дейді гүл өсіруші бағбан. – Ең әуелі тұқым егу керек, одан кейін оларды сиретіп, көшіріп отырғызу және күн сайын суару. Шырайгүлдің, тіктұрғыш тагетистың, цинерарияның алғашқы отырғызуы ақпан айында басталған. Наурыз айында сальфиус, лабелия отырғызылды. Ендігі кезекте – жұлдызгүл, гацания, бақытгүл. Сәуірдің аяғына дейін нарғызгүлдің, үлпектің, шток-раушангүлдің тұқымдарын егеміз.
Гүл көшеттерін күту, бала күткенімен бірдей. Төрт жылыжайжа барлық жағдай жасалған. Гүл өсіруші бағбандар топырақ салынған 50 мыңға жуық дайын жәшіктерге гүл көшеттерін еппен көшіріп отырғызады. Сонымен қатар, 80 мың ұяшық пен 30 мыңға жуық стақан дайындалған. Гүл көшеттерін шынықтыру үшін сәуір айының басында көшетханаларға шығарады.
Ирина Белоусованың қамқор қолдарында гүлдер одан әрі құлпырып кетеді. Бала кезінен бастап ол қалампыр гүлін жақсы көреді, бірақ, қазіргі уақытта, көбінесе, шырайгүл мен бегонияларды өсіруімен айналысады. Қыс айлар бойы Ирина Белоусова көмекшілерімен бірге гүл көшеттерін күтіп, көктем келгенде олардан әдемі кілем салады.
Гүлдер адам сияқты, көңіл аудармасан олар солып, қурай бастайды.
– Гүлдерге жақсы көңілмен қарау керек, - дейді Ирина. – Олармен әңгімелесу қажет, себебі, гүлдер бәрін сезеді.
Әзірше, далада қар әлі еріп жатыр, ал, қала ортасындағы көк алқапта жылы және жайлы. Сонымен қатар, жылыжайда көкөніс дақылдары егіліп жатыр, кейін олар, Этноауылдағы үйшіктердің алдына отырғызылады. Гүлдер саны өте көп, бірақ, олар, уақыты келгенде «Жастар» және «Жамбыл» атындағы саябақтардың, Комсомол аралының және музей-қорықтың Солжағалық кешенінің гүлзарларына көшіріліп, отырғызылады.
Музей-қорықтың баспа қызметі
Алексей Мазницинның фотосы
< Prev | Next > |
---|