• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Музейдегі түн: «Музей – ғажайып ел». 2017

Музейдегі түн: «Музей – ғажайып ел». 2017

18 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн» акциясы өтеді.  

«Музейдегі түннің» негізгі бағдарламасы сан түрлі форматтағы оқиғаларға толы болмақ. Мысалы: сіз Қ.Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратқа  жақындаған тұста-ақ нағыз оқиғалардың бел ортасына тап болатыныңыз хақ. Ол жерде қызыққұмар қауымды сәндік-қолданбалы өнерінің шеберлері қарсы алады. Кешкі 19.00-ден 21.00-ге дейін өтетін жәрмеңке-сатылымда қалалықтарға қолдан жасалған бұйымдар ұсынылады. Егер жаңбыр жауып кетсе  ол шара ғимараттың ішіне көшіріледі.

Сағат 19.00-ден бастап №5-ші залда сәнгер-суретші, Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Чавкина бар-жоғы бірер минут ішінде сіздің портретіңізді салып береді. Орайы келгенде оның еңбегі тегін еместігін ескертеміз.

Сондай-ақ, ғимаратта «Қас-қағым сәт, аялда» атты ескі сурет-ателье жұмыс істемек. Портретті суретті ұнататындар ХХ ғасырдың басындағы ескілікті интерьердің жанында суретке түсе алады.

Музейдің фойесіндегі «Жарыққа жақындап, шәйдан ауыз ти» атты бағдарлама аясында келушілерге шәй мен кепкен қалаштар және печеньелер ұсынылады. Ол 19.00 мен 20.00 аралығында болады.

Ал 20.00-ден 22.00-ге дейін музей залдарында «Бақыт тырнасы» атты шағын көрме мен оригами бойынша шеберлік класы өтеді. №7 залда музей-қорық қызметкері Берік Қалибеков кәдуілгі қағаздан аппақ аққулар мен қып-қызыл қызғалдақты қалай жасауға болатыны жайлы әңгімелеп, көрсетеді. Тура осы жерде Алексей Брайко ермексаздан небір ғажайып мүсіндерді жасап шығаруға көмектеседі.

 №2 залда музей қызметкерлері, ісмер-шеберлер Ираида Ряполова мен  Галина Шипунова «Түйіншек байланады, түйіншек шешіледі» шарасы негізінде қолөнер бойынша шеберлік кластарын өткізеді.

№6 залда Юлия Курдакова «Музей балалар көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастырмақ. Ол жерде кез келген келуші өзінің музейге деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізе алады. Ал №4 залдағы шағын көрмеде  қалалықтар музей қорынан алынған қызғылықты бұйымдармен танысады.

Түнгі шараны қызықтауға келген кішкентай балалар үшін шара барысында «Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері» атты викторина ұйымдастырылмақ. Ал 19.00-ден бастап музей-қорықтың фойесінде концерт болады. Онда көрермендер алдына осы уақытқа дейін белгілі болған шығармашылық адамдарымен қатар жас артистер де қатыспақ.

«Жастар» саябағының этноауылындағы іс-шаралар  20.00-ден 21.00-ге дейін созылады деп күтілуде. Ондағы маралшының үй-жайында келушілер назарына орыс халқының «Деревнялық өмір салты» атты фольклорлық-этнографиялық бағдарламасы ұсынылып, түрлі хороводтар мен ойындар ұйымдастырылатын болады.

Ретро биі алаңында «Біздің жастығымыздың әуендері» атауымен 60-80 жылдардағы танымал билердің әуендері шалқиды. Онда қалалықтар кең тараған әуендер ырғағында би билеп, көңіл көтермек.

Ал сауда ләпкесінде көңілі қалайтындар үшін орыс халқының көне рецептері бойынша жасалған сусындар ұсынылады. Сонымен қатар кәуәп пен кондитерлік тағамдардан дәм татып, шәй ішкісі келетіндер этноауыл жанындағы алаңда бас қоса алады.

Музей-қорықтың М.Горький көшесіндегі 59 ғимаратында орналасқан көрме залдарында түнгі қонақтарды қызығы мол бағдарламалар күтеді. Бұл жерде қолынан іс келетіндердің қазақтың ою-өрнегін салу бойынша бақ сынасуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ, онда ісмер Сара Асқабыл шеберлік кластарын өткізбек.

20.00-ден бастап музей қызметкері Виктор Шевченконың пескография сабағында оның қолынан сиқырлы құм төгілетін болады. «Бірге көңілденіп, ойнаймыз» атты бағдарламада қазақ халық ойындарын меңгергендер нағыз шеберлік пен алымдылықтың, сондай-ақ, жылдамдықтың үлгісін көрсетпек. Тағы бір тамашасы сол, қатысуға ниет білдірген барлық қонақ «Ғасырлар тереңінен» атты қазақ тұрмысы арқау болатын викторинаға қатыса алады.

Қалалықтар мен облыс орталығының қонақтарын музей-қорыққа шақырамыз.

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …