• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Шығыстың үздік шеберлері. 2017

Шығыстың үздік шеберлері. 2017

Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында ЕС қолдауымен және «ТЭК» НКО-ның (Өскемен) серіктестігімен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі болып өтті.

Өскемен және Семей қалалары мен Катонқарағай, Ұлан, Абай аудандарының 40-қа тарта шебері өз қолдарымен жасаған екі мыңнан астам бұйымды қалалықтар назарына ұсынды. Олар: сазбалшықтан жасалған ойыншықтар мен ысқырмақтар, бижутерийлер, күрделі техникада дүниеге келген киіз бұйымдар.

Ол шеберлердің бірі – өскемендік Марина Широких. Ол 40 жылдай  уақыттан бері осы бір сүйікті іспен айналысып келеді. Аталған жылдар көлемінде ол бес мыңнан астам кәдесый жасаған екен. Бұлар кәдімгі тәлеңкелер, құлақбастар, кертпелер, қала келбеті бейнеленген жапсырма-магниттер, қаламдар және «Өскемен» деген жазуы бар ағаш қасықтар мен басқа да көптеген дүниелер.

Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»

Семейлік Айбын Жұматай қазақ қолөнерімен 2010 жылдан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Шебер қамшы өру балалардың да қолынан келеді деп есептейді. «Оның еш күрделілігі жоқ, –  дейді ол, – оған тек отыру және  төзімділік қажет. Айбын аталған жәрмеңкеге түрлі әдіспен өрілген 16 қамшы әкеліпті.

Бұл күні қолөнершілер киіз басу, ши тоқу, сазбалшықтан бұйым жасау, ағаш пен тасқа өрнек салу бойынша бірқатар шеберлік дәрістерін өткізді.

Жәрмеңке шеңберінде концерт және «Шығыс кәдесыйы» атты облыстық конкурс өтті. Жалпы, мұндай конкурс аймақ көлемінде жетінші рет өткізілді. Биылғы конкурс халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналып отыр. Оған қатысушылар «Қолданбалы өнердің дәстүрлі шебері», «Жоғары шеберлік», «Жас шебер» және «Көрермен көзайымы» аталымдары бойынша сынға түсті. Сайыстың басты талабы – орындау техникасының жоғарылылығы, дизайндағы инновация. Өнім ұлттық нақышта жасалуы қажет және онда Шығыс аймағы туралы дерек беретін бір тақырып қамтылуы тиіс.

Конкурс қорытындысында бас жүлде Семей қаласының тұрғыны Гүлмира Айғожинаға бұйырды.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген  Сергей Суров.

Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»Фото Сергея Сурова -В рамках ярмарки состоялся концерт и областной конкурс «Сувенир Востока»

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …