2017 жылғы 2 қыркүйікте музей-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері Өскеменде «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының ашылуына 10 жыл толуы аясында Семей қаласының «Шәкәрім атындағы мамандандырылған облыстық 3 тілде оқытатын мектепте» болып қайтты. Олар Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Орыс музейінің «Мен жер бетінде бір ғана қаланы білемін...» тақырыбында өткізген VI халықаралық мультимедиалық ресурстар конкурсының жүлдегерлеріне наградалар тапсыру үшін барған болатын. Мемлекеттік Орыс музейінің атынан құттықтау іс-шарасын жүргізген «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М.Кәрібаева «11-13 жасар оқушылар» атты ұжымдық еңбек номинациясында жеңіп алған 3-орындары үшін дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.
Оқушылар өз еңбектерінің арқасында өздерінің туған елімен, Семей қаласымен көптеген адамдарды таныстырды. Өйткені Ресей, таяу және алыс шетел қалаларында қазіргі кезде 200-ден астам виртуалды филиал ашылып, жұмыс істейді.
< Prev | Next > |
---|