• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Шығыс жекпежектері мен йога күні. 2017

Шығыс жекпежектері мен йога күні. 2017

Музеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея Мазницына2017 жылғы 17 қыркүйекте  ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық   музей-қорықта «Жібек жолы» экспозициясы бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығыс жекпежектері мен  йога күні» өтті.

Іс-шараның басты мақсаты: шығыс жекпежектерін насихаттау, жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, пікірлестерді табу және қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ  сауықтырудың кезкелген жастағы адамға пайдалы болып табылатын йога сияқты түрін көпшілікке танымал ету.

Іс-шара Александр Медведевтің каратэ мектебінде тәрбиеленушілердің өнер көрсетуімен басталды. Олардың жаттықтырушысы

Вадим Владимирович  Шамшин. Син-киокусинкай мәнерінде өнер көрсеткен балаларға көрермендер дән риза болды.

Солардан кейін жаттықтырушы Николай Назыровтың шәкірттері каратэ-до мәнерінде өнер көрсетті. Бұл мәнер қактынассыз каратэ болып табылады.

Спорттық және дәстүрлі у-шу Федерациясынан өнер көрсеткен бойжеткендер семсер және сырық қолданып, шайқаса білу өнерімен көзге түсті, бұл орайда олардан кішкентай ұлдар мен қыз балалардың қалыспағанын айта кеткен жөн. Ұстаздар Наталья Худякова мен Яна Федорова тиісті команда беріп, өз шәкірттеріне бағыт-бағдар сілтеп отырды.

Сахнаға төселген татамиға  дзю-до бойынша жаттықтырушы Дамир Байгелдинов бастаған балалар шықты. Олардың өнерлерін қызықтаған көрермендер спортшылардың қолданған тәсілдеріне қайран қалды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан Айкидо орталығы спортшыларының көрсеткен өнері де  көрермендердің көңілінен шықты. Олардың жетекшісі – Қазақстан Республикасы бойынша нұсқаушы  Леонид Эйсак болды. Спортшылар катана бойынша тамаша өнер көрсетті. Эйсактың шәкірттері аяқпен, сондай-ақ пышақпен және тапаншамен шабуылдан жалтарудың техникалық тәсілдерін назарға ұсынды.

Өнер көрсетулер кезінде ойналған жігерлі музыка көрермендердің көңіл-күйін қамшылай түсті.

Келесі болып сахнаға корей жауынгерлік өнері – таекван-до спортшылары шықты. Олардың жаттықтырушысы Қайдар Қабышев та татамида шығып, өз шәкірттеріне команда беріп тұрды, бұл спортшылардың өнері де көрермендерді таңқалдырды. Олардын аяқтарымен жасаған шапшаң қимылдары тақтайлардың қалай сындырылатынын, пышақ жүзіндегі алманың аяқпен (жарақаттанбай) қалай қағып түсірілетінін және ракетка бойынша минутына 80 соққының қалай жасалатынын көруге мүмкіндік берді.

ЮНЕСКО 2016 жылы йоганы адамзаттың материалдық емес мұрасының тізіміне енгізген болатын. Өнердің осы түрінің өкілдері де  біздің іс-шараға қатысты.

Анна Цайс өзінің көмекшісімен бірге  арқа мен омыртқаға арналған жаттығуларды көрсетсе, Борис пен Юлия Алексеенко хатха-йога туралы әңгімелеп, ішкі ағзалар мен  буындардың жақсы жұмыс істеуі үшін қолданылатын жаттығулардмен таныстырды. Светлана Филипенко  жоғары көркем номермен шығып, дененің керемет иілгіш әрі созылғыш болатынын паш етті.

Йоганың санқырлы болып келетіні сонша, әркім одан өзіне  қажеттіні таба алады. Йогтардың бірқатары өздерінің ұстаздары Анатолий Половковпен бірге сахнаның жанындағы көгалға орналасып, ежелгі үнді гимндерін шырқады. Бұлар адам рухын тәрбиелейтін және адам мен құдай байланысын паш ететін бакхта-йоганың элементтері болып табылады.

Күн жарқырап, ауа райы жанға жайлы болды – іс-шараға барлық қатысушылар  йогтарға арналған арнайы шәйден ішіп, үнді тәттілерінен дәм татты. Оларды бізге Өскемен ведикалық орталығы  ілтипатпен ұсынған болатын.

Өнер көрсетіліп болғаннан кейін барлық жаттықтырушылар Алғыс хаттармен марапатталды. 

 

 

Музеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея МазницынаМузеё-заповедник - фото Алексея Мазницына

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …