2017 жылдың 29 қыркүйегі күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А. Бемм Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығында қолөнершілердің-халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесін өткізді. Көрме-жәрмеңке Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналды.
Оған мына шеберлер өз бұйымдарымен қатысты: А. Ы. Боқпасарова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Н.Р. Тәшімова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Р.И. Исенова (киізден жасалған дәстүрлі және заманауи бұйымдар), Г.М. Айғожина («батик» пен киіз басу техникасында панно жасау), А.Ж. Жұматай (дәстүрлі «қамшы» өру), Е.А. Го-Сун-Чин (ағашқа әшекей салу), А.Д. Оразғалиев (ағаштан ойып жасалатын дәстүрлі бұйымдар), С.Н. Назархан (дәстүрлі қарулар мен былғарыдан жасалған бұйымдар), Б.А. Дәлентаев (тастан қашалған бұйымдар), Р.Д. Сұлтанова (құрақ құрау), С. Мұқаметбек, А. Сейілбек (дәстүрлі кестелеу).
Көрмені ұзын саны 300-дей адам көріп, тамашалады.
Жәрмеңке қатары.
Ярмарочный ряд.
Шебер А.Ы. Боқпасарова (ортада) көрме-жәрмеңкеге келген адамдармен әңгімелесуде.
Мастер Бокпасарова А.И. (в центре) беседует с посетителями ярмарки-выставки.
Шебер Г.Д. Қожамжарова өз қолынан шыққан бұйымдармен бірге.
Мастер Кожамжарова Г.Д. со своими изделиями.
Шебер С.Н. Назархан өзі жасаған бұйымдарды көрсетуде.
Мастер Назархан С.Н. демонстрирует свои работы.
< Prev | Next > |
---|