• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Қалалықтар қимай қоштасты. 2017

Қалалықтар қимай қоштасты. 2017

в знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцевув знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцеву

Өскемендегі қалың жұртқа танымал музей-қорықтың негізін қалаушы Николай Алексеевич Зайцевтің құрметіне сан түрлі әсем шарлар аспан көгіне ұшырылды.

Өскемендегі облыстық этнографиялық музей-қорық бұдан табаны күректей жарты ғасырдай бұрын Бутаково селосындағы мектептің бір бөлмесінде ашылған шағын музей болатұғын. Келесі жылы оған 50 жыл болады.  Бүгінде ол тек Қазақстандағы көпбейінді музей-қорық қана емес. Ол дегеніңіз – өз аумағына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи және сәулет ескерткіштерін топтастырған музей, «Жастар» этносаябағында ашық аспан астында орналасқан музей, Жамбыл атындағы демалыс саябағы және 100 гектардан астам аумақты алып жатқан Солжағалық кешен.

в знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцевув знак благодарности Николаю Алексеевичу ЗайцевуМузей-қорық директоры Николай Зайцев осынау жылдар бойы музейдің жылдан-жылға көркеюі үшін барлық күш-қуатын, білімі мен баға жетпес тәжірибесін жұмсады. 24 қараша күні оның аталған лауазымдағы соңғы күні болды, ол құрметті еңбек демалысына кетті.  Нақ осы күні басшының барлық ісіне риза көңілді өскемендіктер музей-қорық қызметкерлерімен бірге  музейдің әкімшілік ғимаратының алдына жиналып, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қызметкеріне, Өскемен қаласы мен  Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматына, Өскемен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтушы үздік басшыға өздерінің асқан ризашылық сезімдерін білдіруге жиналды. Николай Алексеевич сыртқа шыға бергенде олар: «Рахмет! Біз Сізді ерекше бағалаймыз және жақсы көреміз!» деп ду қол соқты. Осындай жүрекжарды ризашылықтың  айқын белгісіндей болып сан түрлі шарлар аспан көгіне көтерілді.

- Мен жан-жүрегіммен тебіреніп тұрмын, маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет, - деді Николай Алексеевич. – Бұл менің жеке басыма ғана емес, бүкіл ұжымға берілген баға деп білемін. Өзіміз іргетасын қалаған музейге келушілер қуанып және жадырап қайтуы үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Өз басым аталған  шаруалардың барлығы алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін.

в знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцевув знак благодарности Николаю Алексеевичу Зайцеву

Қалалықтар Николай Зайцевқа «Өскемен тұрғындарынан махаббатпен және ризашылықпен» деген жазуы бар кубок табыстады. Олар сонымен қатар музей-қорықтың негізін қалаған басшының ерен тәжірибесі мен терең білімі келешекте де игілікті кәдеге жарайды деп үміттенетіндерін жеткізді.

 

  

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …