2017 жылғы 8 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар» атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді. Көрмеге «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары қатысты. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Мұнда музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған «Самаурындар, табақтар және шайнектер» атты тақырыбы бойынша экспонаттар ұсынылған. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурын тарихы) тақырыбына төрт қайырымдылық дәріс оқыды. Дәріс барысында фото мен бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар өткен ғасырлардың материалдық мәдениеті тарихы жайында көп ақпарат алды. Мұғалімдер өткен іс-шара жайында жақсы пікір қалдырды.
Мектеп-интернаттың оқушылары Р.Ю. Нечаевтың дәрісін тыңдауда.
Р.Ю. Нечаев фотоматериалдарды көрсетіп, дәріс оқу барысында.
Проектор арқылы бейнематериалдарды көрсету. Алдыңғы жағында музей-қорықтың қорынан алынған экспонаттар.
< Prev | Next > |
---|