• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Өнермен виртуалды кездесулер. 2017

Өнермен виртуалды кездесулер. 2017

Виртуальные встречи с искусством. 2017 Виртуальные встречи с искусством. 2017

Биыл музей-қорықта жұмыс істейтін «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығына 10 жыл толды.

Виртуалды филиалдың арқасында музей-қорыққа келетін адам атаулы Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің інжу-маржанымен таныса алады. Келушілер осы жердегі экранға қарап отырып-ақ экскурсия жүргізушінің көмегімен Орыс музейінің залдарын тамсана аралай алады, өнер туындыларының тарихымен, оларды дүниеге әкелген авторлармен және орыстың бейнелеу өнерімен етене танысады.  Өскемендегі Орыс музейінің филиалы – Орыс музейінің Ресейдің мәдениет және білім беру мекемелерінде және шетелдерде орын тепкен екі жүзден астам  өкілдіктерінің бірі болса, Қазақстандағы бірегейі.

2007 жылы «Орыс музейі: виртуалды филиал»  бағдарламасы жасалған кезде CD және DVD-дискілердің, бейнефильмдердің, әлемдік көркем мәдениет, альбомдар және каталогтар кітапханаларының слайдтар коллекциялары  музей-қорыққа сыйға тартылған болатын. Өткен уақыт ішінде ақпараттық-ағартушылық орталығының қызметкерлері жаңа виртуалды саяхаттарды дүниеге әкеліп, қолда барларын жаңалап, толықтырды. «Орыс музейі залдарын аралағанда» атты цикл бойынша «ХІІ-ХҮІ ғасырлардағы ескіорыс өнері», «Новгород пен Псковтың иконажазу мектебі», «XYIII ғасырдағы өнер» және басқа да бағдарламалар ұсынылған. Аталған виртуалды филиалдың арқасында көрермендер ХІХ ғасырдағы белгілі суретшілердің шығармашылығымен таныса алады.

Төменгі сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Сен музейге келдің», «Картинаның дүниеге келуі», «Пейзаж,  портрет және натюрморт өнері» сынды тақырыптарда арнайы сабақтар циклі жасалды. Балалар сондай-ақ, «Суретшілер жайлы ертегілер» сериясының фильмдерін қызыға көреді.

Он жыл ішінде виртуалды музейге мыңдаған адамдар келді. Олар: мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер мен оқушылар, студенттер, ересек тұрғындар. 2015 жылы ресейліктер музей-қорықтың орыстың бейнелеу өнерін таратудағы қызметін атап өткен-ді. Музей-қорықтың ақпараттық-ағартушылық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева атқарған игілікті жұмысы мен ақпараттық-ағартушылық орталығының шаруасына көп жылдар бойы сіңірген жеке үлесі үшін алғысқа ие болды. Виртуалды   филиал жайлы сөз саптаған Шынар Кәрібаева аталған жылдар көлемінде  оның қызмет аясы айтарлықтай кеңейгенін баяндады. Бұрындары ең басты ұстаным Орыс музейінің қызметін насихаттау болса, қазір білім мен ағартушылыққа үлкен көңіл бөлінеді. Осындай мақсаттармен 2016 жылы Орыс музейі «Мен жер бетінде бір ғана қаланы білемін...» атты мультимедиялық ресурстардың халықаралық конкурсын өткізді. Анна Ахматованың өлеңінен алынған цитата оның атауы болып пайдаланылған еді. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ақпараттық-ағартушылық орталығы 3-ші орынды иемденді. Конкурсқа атсалысқандарға, оқытушылар мен оқушыларға дипломдар табыс етілді. 1898 жылдың 19 наурызында салтанатты түрде ашылған  Ресейдегі алғашқы орыс бейнелеу өнерінің мемлекеттік музейінің үстіміздегі жылы аталып өтілетін 120 жылдығына байланысты «Менің орыс музейім» атты мультимедиялық конкурс жарияланған болатын. «Біз виртуалды  филиалға келушілерді оның шарттарымен таныстырдық, - дейді бөлім меңгерушісі, - сөйтіп, олардың қолынан шыққан жұмыстарды алып, Орыс музейіне жіберген болатынбыз. Оның қорытындысы келесі жылдың ақпанында  жарияланады». Осы жерде айта кетуге тұратын бір нәрсе бар. Ол ақпараттық-ағартушылық бөлімнің бұған қоса Мемлекеттік Эрмитажбен, Санкт-Петербургтегі «Исаакиев соборы» атты музей-ескерткішпен, Ресейдің және әлемнің басқа да белгілі музейлерімен байланыс орнатқан.

Сондай-ақ, виртуалды музейдің қорында «Қазақтың ұлттық киімдері: дәстүрлер мен заманауилық», «Ертедегі және біздің заманға дейінгі Қазақстан шеберлерінің зергерлік өнері», «Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Отырар. Түркістан» сынды және басқа да Қазақстан Республикасының көркем мәдени мұралары жайлы мемлекеттік және орыс тілдерінде әңгімелейтін бейне экскурсиялар мен бағдарламалар бар.

«ҚР-ның Ата Заңы күні. Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз», «Сен өз қалаң жайлы не білесің?», «Алтын күздегі саяхат», «Батырлар мекені – алыптар мен батырлар еліне саяхат. Отан қорғағандар»,  «Қош келдің, әз-Наурыз», «Астана – болашақтың қаласы» атты танымдық-ағартушылық викториналар педагогтар мен оқушылар арасында ерекше табыспен қолданылады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның заманауи өнері – аймақтық компонент те қойылған.

Бөлім қызметкерлері қала мен Шығыс Қазақстан ауылдарының,  сондай-ақ, республиканың басқа да облыстарының тұрғындарын сол жақтарға экскурсияға шыға жүріп, виртуалды музейдің мәдени-ағартушылық бағдарламаларымен таныстырады. Және өскемендіктерді Головков көшесі, 29 мекенжайында орналасқан музей-қорықтағы танымдық өнермен виртуалды кездесулерге шақырады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …