Музей-қорықтың саябақтары мен Солжағалық кешен жаңа, 2018 жылды қарсы алуға дайындалуда. Әдемі безендірілген шыршалар, мұз бен қардан сомдалған мүсіндер, тіпті ат жегілген шаналар, осының барлығы таза ауада жана жылды қарсы алғысы келетіндерді күтіп тұр.
Ат жегілген шанамен серуендеу маршруты музей-қорықтың Солжағалық кешеніне келетіндерге арналған, ол қар түсе салысымен жұмыс істейтін болады. Ал шағын жылқы – пони болса қарлы трассаны қажет епейді, балалар пониге отырып, кешендегі саяжолдармен каникул бойы сейіл құра береді. Осы жерде әсем безенген шырша тұр, қонақтарды Аяз Ата, Қаршақыз бен басқа да ертегілік мүсіндер қарсы алады. Оларды дизайн және халықтық сәулет бөлімінің қызметкерлері мұздан сомдаған болатын. Бұл орайда жылымық күндер ұзаққа созылмас, ал суретшілердің туындылары еріп кетпес, сөйтіп өскемендіктер қуанышқа кенелер деп үміттенеміз. Балалардың бос уақыты қызықты өтуі үшін Этноауыл аумағында мұзды төбешік, лабиринт жасалып, мұзды сырғанақ құйылды, ол қатқан кезде, конькиді жалға беретін пункт жұмыс істей бастайды. Ал кешен айналасында шаңғы тебетін жол салынды.
Облыс орталығының көптеген тұрғындары мен қонақтары «Жастар» және Жамбыл атындағы саябақтардағы жаңажылдық безендірулерді қазірден бастап тамашалауда. Осындағы барлық жолдардың бойларымен ілінген мерекелік гирляндалар, нағыз бүршіктері бар жасанды шағын шыршалар, иллюминация – осының барлығы келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бұл ретте безендірулердің көпшілік бөлігін саябақ қызметкерлерінің өздері атқарғандығын айта кеткен жөн.
- Шырша және қарағай бүршіктерін күз кезінде жинаймыз, - дейді «Жастар» саябағы» бөлімінің меңгерушісі Софья Бочагова, - оларды бояп қоямыз, бұтақтардан гирляндалар жасап, оларға сол бүршіктерді ілеміз. Бұл орайда басқа да табиғи материалдарды пайдаланамыз.
«Жастар» этнобағы иллюминацияның арқасында ертегі еліне айналды. Оның әрбір бұрышы өзіне тән ерекшелікпен жарықтандырылған. Жаз кезінде шағын суайдынының жағаларын қосып тұратын көпіршенің жанындағы қардн «гүлдеп тұрған» үлкен лотостарды көруге болады. Сондай-ақ барлық жерде түрлі-түсті фонарьлар жанып тұр. Мерекені сезінгілеріңіз келсе - музей-қорыққа ат басын бұрыңыздар! Мұнда келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін барлық жағдай жасалған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|