• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Қазақстанның виртуалды музейі құрылады. 2018

Қазақстанның виртуалды музейі құрылады. 2018

Исследование материалов по истории и культуре немцевИсследование материалов по истории и культуре немцев

Музей-қорықтың қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат Қазақстан Республикасының музейлеріндегі неміс тарихы мен мәдениеті жөніндегі колллекциялардың Тізбесіне енгізіледі.

Тізбені құрастыру ісімен Алматыдағы «Возрождение» неміс мәдени-этникалық қоғамы  шұғылдануда, оның қызметкерлері Шығыс Қазақстанға жасаған этномәдени  экспедиция кезінде музей-қорыққа ат басын тіреген болатын. Экспедиция мүшесі,  тарихшы  Елена Хабарованың түсіндіруінше Қазақстандағы  белгілі бір облыс аумағында тұрып жатқан немістердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі этнографиялық коллекциялар,  заттар қоры мен фотодеректік материал  ерекше қызығушылық тудыруда.  Зерттеушілердің пікірі бойынша музей-қорықта неміс халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу үшін өзіндік құндылыққа ие сирек жәдігерлер сақталған. Мәселен, 1861 жылдан бастап шығарылған «Кішкентай балаларға арналған мектептік жаршының» 1910 жылғы кітаптарын, сондай-ақ үйленутойылық  көйлектер мен гүлтәждер коллекциясын солардың қатарына  жатқызуға болады. Сондай үйленутойылық көйлектердің бірін Большенарым ауданының тұрғыны, 1937 жылы дүниеге келген М.И.Мильдонбергер тапсырған.  Мария Ивановна көйлекті 1957 жылы өзінің тойына арнап тіккен, ал 1991 жылы оны музей-қорыққа сыйлаған екен.

Исследование материалов по истории и культуре немцевИсследование материалов по истории и культуре немцевИсследование материалов по истории и культуре немцев

Алматыдан келген зерттеушілер Этноауылдағы неміс қонысында болып қайтты.  «Біздің таңқалғанымыз, - дейді Елена Хабарова. -  Үйдегі әр бөлме неміс керек-жарақтарымен және заттарымен, сондай-ақ жиһазымен жабдықталған.  Барлығы неміс мәнерінде безендірілген. Біздің фотосуретші Юрий Ерёмин түсірген суреттердің бәрі неміс мәдениетінің және этносының Тізбесіне енгізілетін болады».  Елена Анатольевна музей-қорықта барлық жәдігерлердің цифрландырылып, электронды үлгіде жасалғандарына орай ризашылығын білдіріп, экспедиция мүшелеріне көрсеткен көмектері үшін  ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Б.М.Құмароваға, сондай-ақ қор сақтаушыларға алғыс айтты.

 Неміс жәдігерлерінің коллекцияларын зерттеу жөніндегі жобаны  тарих ғылымдарының   кандидаты Ю. И. Подопригора басқарады.  Қазақстанда осы Тізбе негізінде неміс мәдениеті мен этносының виртуалды музейі ашылмақ, оған  ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының жәдігерлері де енетін болады.


Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Фотолар  Юрий Ерёминдікі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …