2018 жылғы 13 сәуірде орыс зтнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары үшін «Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы шамдар мен лампалар» атты көшпелі қайырымдылық көрмесін ұйымдастырып, өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған, керосин лампалар, керосин және шырағдан шамдар тақырыптарын қамтыған жәдігерлер көрсетілді. Сондай-ақ, Р.Ю. Нечаев «Терезедегі жарық» тақырыбында (электр жарығы келгенге дейінгі тарих) екі қайырымдылық лекциясын оқыды. Олар суретті және бейне материалдарды басшылыққа ала отырып ұсынылды. Өткен ғасырдағы материалдық мәдениет тарихы жайлы көптеген дүниелермен танысу оқушыларға ерекше қызықты болды. Мұғалімдер аталған іс-шара туралы оң пікірлер айтты.
Проектордан бейне материал көрсету. Алдыңғы көріністе музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған жәдігерлер.
Мектеп-интернат оқушылары Р.Ю. Нечаевтың лекциясын тыңдауда.
Р.Ю. Нечаев суретті материалдарды басшылыққа ала отырып, лекция оқуда.
< Prev | Next > |
---|