• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Ұлы Жеңіс мұрагерлері музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ойын-квест өткізді. 2018

Ұлы Жеңіс мұрагерлері музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ойын-квест өткізді. 2018

Рухани жанғыру

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында музей-қорықтың Бірыңғай әскери кешенінде қала мектептерінің оқушылары үшін халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне арналып «Біз –  Жеңіс мұрагерлеріміз» атты өлкелік ойын өткізілді.

 Оны Славский атындағы жағалауда орналасқан Орталық қалалық кітапхананың (ОҚК) қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Оған Өскеменнің 11 мектебі қатысты. «Бүгінгі балалар мен жасөспірімдер үшін 1941-1945 жылдардағы соғыс – тарих, - дейді ОҚК қызметкері Тамара  Львовна Саттарова. – Олар майдан даласындағы ұрыстар жайлы, жертөлелер мен траншеялар жайлы кинофильмдердегі қөріністер мен майдангерлердің әңгімелері арқылы ғана біледі. Біз осы бір ойын-квестті Солжағалық кешенде бекерден-бекер өткізіп отырған жоқпыз. Мұнда траншеялар да, нағыз әскери жорықтық асхана да, тіпті, ұрыстық қару-жарақ  та бар. Балаларға олардың Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан қазақстандықтар жайлы білімін тексеру мақсатында арнайы сұрақтар да дайындап келдік».

Оқушылар шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары, шайқастардың ең сұрапылы болып табылатын Курск иініндегі ұрыс жайлы айтуы және басқа да сұрақтарға жауап беруі керек болды. Балалар екі  командаға бөлінді, олардың барлығына әскери кешендегі түрлі нысандарда өлкелік-танымдық ойындар ойнатылу қарастырылған бағдарлық парақтар таратылды. 

Музей-қорық қызметкері, отставкадағы майор Юрий Маратович Ачинянцтің атап өткеніндей, кешен аумағындағы алты техника соғысқа қатыстырылған екен. Олардың қатарында 1938 жылы шығарылған 30 үлгідегі  122-миллиметрлік гаубица, 1942 жылы Горький қаласындағы артиллерия зауытында шығарылған, 76-мм дивизиялық және танкке қарсы қолданылатын ЗИС-3 пушкасы, 1938 жылғы үлгідегі 120-мм –ПМ 120 минометі бар. Оқушылар Жеңіс павильонында орын тепкен бұлардан басқа стационарлық экспозициямен де танысты. Ондағы соғыс ардагерлерінің отбасылық архивінен алынған суреттер, майданнан жазылған хаттар, марапаттар мен әскери бұйымдар соғыс атты сұрапылға қатысқан жандардың ерлігі мен қайсарлығы туралы сыр шертіп тұрғандай.

Мұндағылардың ең кішкенесі №14 орта мектептің төртінші сынып оқушылары болды. «Біз нақ осы балаларды ойын-квестке тартуды жөн көрдік,  - дейді олардың сынып жетекшілері Ирина Владимировна Сысоева, - себебі, олар бала кезінен соғыста жеңіске жетуімізге жол ашқан солдаттардың көзсіз ерліктері жайлы біліп өсуі керек».

«Біз –  Жеңіс мұрагерлеріміз» атты өлкелік ойында ерекше белсенділік танытқан қатысушылар Орталық қалалық кітапхана мен Ауған соғысының ардагерлерінен Алғыс хаттар алды. Ауған соғысының ардагері Серік  Қадыров грамоталарды тапсыру барысында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай іс-шаралардың рөлі ересен екенін тілге тиек етті.   «Олар бұл жерде бәлкім, өздерінің тарих оқулығында жоқ дүниелер жайлы, әлі де оқымаған тақырыптар жайлы білді,  - деп атап өтті  Серік Ғадылбекұлы.  – Мен осынау «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» атты ойынды Орталық қалалық кітапхана мен этнографиялық музей-қорық бірлесіп  өткізгеніне өте-мөте қуаныштымын».

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Яна Есімханова ( Орталық қалалық кітапхана)

 


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …