2018 жылғы 11 және 12 мамыр күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс және ақпараттық-ағартушылық бөлімдердің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Семейдің № 10, № 39, № 40 мектептерінің, сондай-ақ, экономикалық лицейінің оқушыларымен Солжағалық кешенде экскурсия өткізді. Балалар экскурсия барысында Солжағалық кешеннің қалыптасу тарихымен танысып, ақын және философтың 160 жылдығына орайластырылған «Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» атты көрмені тамашалады. Оқушылар үшін «Өмір үшін өлімге бас тіккен» атты Жеңіс павильонына экскурсия ұйымдастырылды. Онда кешен аумағында орналасқан, 1938-1970 жылдардағы үлгідегі әскери техника экспозициясы көрсетілді. Қонақтар ашық аспан астындағы сәулет және тұрмыс музейін көру мүмкіндігіне ие болды. Олардың назарына XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ШҚО аумағын мекен еткен халықтардың 17 қонысы ұсынылды.
< Prev | Next > |
---|