• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Ойна, баян, күмбірле, домбыра! 2018 («Музейдегі түн» акциясы шеңберінде). 2018

Ойна, баян, күмбірле, домбыра! 2018 («Музейдегі түн» акциясы шеңберінде). 2018

Рухани жанғыру

Ночь в музее

Музей-қорық 18 мамыр күні бүкіл дүниежүзінде аталып өтілетін халықаралық музейлер күніне арналған бірқатар мерекелерді өткізуде.  Аталған  оқиғаларға орайластырылған іс-шаралар 16 мамыр күні «Жастар» саябағы мен музейдің көрме залдарында болды.

Бәрі «Жастар» саябағының орталық алаңында қазақ халқының ертеден келе жатқан алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі – «Қымызмұрындықтан» бастау алды. Оған облыстық ақсақалдар алқасы мен «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Олардан құралған «Атамұра» және «Ақниет» ансамбльдері концертке қатысты. Концертті Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №16 орта мектептің жас домбырашылары («Мұрагер» ансамблі) ашты. Сондай-ақ, концертте «Жұлдыз» өнер мектебінің қобызшыларынан құралған «Ерке» ансамблі мен  №24 орта мектептің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің», оқушылар  шығармашылық сарайының жас артистері өнер көрсетті. Облыстық Достық үйінің «Ажарым» ансамблінің қыздары да өздерінің әсем әндерімен жиналған қауымның көңілін сергітті. Мерекеде танымдық конкурстар мен викториналар өткізілді.

Әсіресе, келген қауымды алғашқы қымызбен құрметтеген «Алтын сандық» кәсіпорнын ерекше атап өткен жөн. «Олар осынау шипа болатын сусынды сатып қана қойған жоқ, - дейді музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинова, - концертке қатысушылар олардың бал қымызынан тегін дәм татты. Бұдан бөлек, қымыз ішуге арналып, ағаштан жасалған  ыдыстардың -  тостағандар мен кеселердің шағын көрмесін де ұсынды».

«Қымызмұрындық» мерекесін одан әрі қарай «Музейдегі ұйқысыздықты» ұйымдастырушылар жалғастырып әкетті. Бүкіл әлемде өтіп келе жатқан акция, музейде дәстүрге айналған түн осылай деп аталады. Биыл ол Шығыс Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп отыр. Мерекелік концертте сан ұлт өкілдерінің шығармалары біріктіріліпті. Мәселен, домбырашы Дарын Қалибекұлы, әнші Едіге Ақылбеков ерекше дарындарын байқатты. Ал «Отан-Ана» әнін «Эхо» ретро клубының әншілері Полина Горячкина мен Мария Ковалева асқақтата шырқады. Қазақ халық аспаптарынан құралған «Алтай» (жетекшісі Шалқар Рысханов), халықаралық конкурстардың лауреаты, Семейдің М. Әуезов атындағы колледжінің оқытушысы Әлия Бәженова да концертте өнер көрсетті. Жұртшылық Анатолий Костюк жетекшілік ететін «Русская песня» халық хорының және музей-қорықтың  орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің басқаруындағы «Бастеньки» фольклорлық ансамблінің өнерін дуылдап қарсы алды. Сонымен қатар Достық үйіндегі белорус этно-мәдени бірлестігінің «Крыничка» фольклорлық ансамблінің (жет. Геннадий Кузьмин), украин бірлестігінің «Барвинок» вокалды ансамблінің (жет. А. Костюк) поляк этно-мәдени бірлестігінің, сондай-ақ, «ММ. Денс» (жет. Марина Мейдер) хореографиялық би студиясының өнері ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.

Музей-қорықтың дәл осы түні кіру тегін болған көрме залдарына сандаған халықтың мәдени байлығы қойылғандай көрінді. Горький көшесі, 59 ғимаратында осындағы қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен қазақтың бізкестесін, қазақ билерін үйренуге, ұлттық киімдермен киіз үй жанында суретке түсуге және викториналар мен ойындарға қатысуға болатын еді. Ал Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында дәл осы кезде ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері иіру мен тоқудан  шеберлік дәрістерін өткізіп жатты. Мұнда оригами өнері мен ермексаздан мүсіндер жасауға, сондай-ақ, музейге деген сүйіспеншілікті сурет салу  арқылы жеткізуге мүмкіндік мол болды.

«Жастар» саябағындағы концерттік бағдарлама  басталмас бұрын сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Гаухар Сейілханова (қоға тоқу) және Елена Явонова (бояумен әшекейлеу) өз шығармашылықтарын көрсетті. Ал Этноауылдағы қазақ жазушыларының үйінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ стуленттерінен құралған «Шабыт» театры Мұқағали Мақатаевтың шығармалары желісінде поэтикалық көрсетілімдер ұсынды. Сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің ұйымдастыруымен әйгілі жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкейдің жиені, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтарбек Мағзұмов сөз сөйледі. Сондай-ақ, аталған Этноауылға келген қонақтар орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері дайындаған этнографиялық бағдарламаға, хороводтар мен ойындарға қатысып, көңіл көтерді.

«Жастар» саябағындағы концерттік бағдарлама Өскемен қалалық «Эхо» ретро клубының қойылымымен аяқталды. Музейдегі түн түнгі сағат 23-ке дейін созылды.

       

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суреттерді түсіргендер Алексей Мазницын және Сергей Суров.

 

Ночь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музее

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …