2018 жылғы 16 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жалпымузейлік «Музейдегі ұйқысыздық» атты іс-шара құрамында орыс этнографиясы бөлімі «Жастар» этнобағының этноауылындағы «айқас байланыс» ауласында «Деревнядағы отырыстар» атты театрландырылған іс-шара дайындап, өткізді. Бағдарламада: дәстүрлі музыкалы «Бастеньки» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарға самауырдың шәйі, дәстүрлі орыс сусыны ұсынылып, «шаруа үйіне» фонарь жарығымен экскурсия ұйымдастырылды. Осылардың нәтижесінде келушілер ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Кенді Алтайда тұрған орыс шаруаларының деревнядағы өмірімен танысып қайтты.
< Prev | Next > |
---|