Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында
«Музей достарының тартулары» атты көрме ашылды. Көрме музей-қорықтың 50-жылдық мерейтойына арналады. Көрмені халықтар этнографиясы мен шағын этнотоптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.
Көрме Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін консулдықтар мен елшіліктердің, өнер және мәдениет қайраткерлерінің, мұражай-қорыққа келген қонақтардың әр жылдарда тарту ретінде тапсырған заттарынан ұйымдастырылған.
Көрмеге 13 мемлекеттің жәдігерлері қойылған: Әзірбайжан, Польша, Үндістан, Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Башқұртстан, Таулы Алтай Республикасы және Республикалық ұйғыр орталығы.
< Prev | Next > |
---|