2018 жылғы 27 тамызда сағат 11.00 музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының №5518 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында виртуалды іс-шара өткізді. Өткізілген іс-шараға 180 адам қатысты.
Бағдарламада:
1. Дәріс: «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Біздің құқығымыз және міндетіміз». Дәріс барысында әскери қызметкерлерге Конституцияның құрылымы және мазмұны жайлы ақпарат беріліп, қоғам мен ел өміріндегі мемлекеттің негізгі Заңының рөлі мен Қазақстан Республикасының азаматтарына бекітілген негізгі құқықтары және міндеттері қарастырылды.
2. Ата Заңымыздың шығу тарихы мен үрдісі жайлы «Қазақстан Республикасының Конституциясы: кеше және бүгін» бейнеролик көрсетілімі.
3. «Мен Конституция жайлы не білемін?» викторинасының өткізілуі.
4. Музей-қорықтың қызметі туралы әңгімелеу.
< Prev | Next > |
---|