• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Шығыс жекпе-жектері күні. 2018

Шығыс жекпе-жектері күні. 2018

Рухани жанғыру

29 қыркүйекте музей-қорық шығыс жекпе-жектері күнін өткізеді. Бұл Ұлы жібек жолы бойын мекендеген және әлемге күрестің сан түрлерін сыйлаған халықтардың дәстүрлерін жалғастыру болмақ. Олардың арасында Қытайдан бізге жеткен у-шу мен каратэ, Үндістаннан келген – кушти, ұлттық қазақ күресі және басқа да көптеген түрлері бар.

Іс-шараны ұйымдастырушы, ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің этнологы Станислав Цукуренконың пікірі бойынша  іс-шара өткізудегі мақсат – шығыс жекпе-жектерін адамның үйлесімді даму жүйесі ретінде  танымал ету және жастарды салауатты өмір салтына тарту болып табылады.

Мерекеге  облыстық «Реал-Восток» айкидо орталығының (жетекшісі Леонид Эйкас) өкілдері қатысады, жекпе-жектер бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві облыстық спорт мектебінің дзюдо бойынша жаттықтырушысы Дамир Байгелдиновтің шәкірттері өнер көрсетеді деп күтілуде. Жекпе-жектер сарайының жаттықтырушысы Қайдар Қабышевтің шәкірттері мен Александр Медведев мектебінің өкілдері таэквондо мен киокушинкай каратэ бойынша өз өнерлерімен таныстырады. Ал  Қазақ күресі жөніндегі федерацияның балуандары қазақ күресінің ерекшеліктерін көрермендер назарына ұсынбақ.

Шығыс жекпе-жектері күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағындағы Жазғы Үлкен сахнада сағат 11.00-де басталады.

Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …