13 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында оқушылармен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты тарихи квест өткізді.
Біздің мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? Қазақстан аталған жылдар ішінде қандай жетістіктерге қол жеткізді? Тарихи квестке қатысқан 29 мектептің оқушылары бөлім әдіскері Любовь Лазареваның осы және басқа да сұрақтарына жауап берді. Оқушылар мұның алдында «16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігі күні» атты әлеуметтік роликті тамашалады. Сондай-ақ, балалармен республикада және біздің облыс аумағында сан ұлттың өкілдері татулық пен келісім аясында өмір сүріп жатқаны туралы байсалды әңгіме өрбіді. Л. Б. Лазарева музей-қорықтың бүгінде Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен костюмдері қойылған залдарымен экскурсия жүргізді.
Нақ осы жерде «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім тірегі» атты көрме де орын тепкен. Оны көрме-экспозиция жұмыстары бөлімі Тәуелсіздік күні қарсаңында әзірлеген болатын.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Prev | Next > |
---|