• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Украин әйелдерінің киімдері жаңа каталогта көрсетілді. 2019

Украин әйелдерінің киімдері жаңа каталогта көрсетілді. 2019

Музей-қорық «Украин әйелдерінің көйлектері» атты каталог шығарды. Онда украиндардың музей қорынан алынған ескі киімдерінің элементтері ұсынылған.

Каталогты құрастырушы халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.М. Резонтованың атап өткеніндей, музей-қорық қоры украиндық текстильдің бағалы топтамаларына бай.

Киім бұйымдары арасында украин жейделері, нақтылап айқанда, 50 көйлек бар, оның 30-ы әйелдердікі. Көйлек – украин киімдерінің ежелден келе жатқан түрлерінің бірі. Олар пішілуі мен тігілуі жағынан сан түрлі, күнделікті киетін және мерекелік болып бөлінеді, ерекше өрнектермен безендірілген. Топтамадағылар негізінен мақта-матадан тігілгендер, алайда,  зығырдан үй жағдайында тоқылғандары да баршылық.

Топтамаларды жинастыру 1968 жылдан бастау алады. Аталған бөлім қызметкерлері сол уақыттан бастап, оларды біздің облысқа жер  аударылып келген украиндар мекен ететін ауыл-селоларды аралау барысында жинастырған-ды. Біраз көйлектер 1990-1991 жылдары Украинаның Чернигов және  Винница облыстарының елді мекендерінен сатып алынған. Топтамалар  үнемі толықтырылып отырылады және ұқыпты сақталады. Аталған каталог – музей-қорықтың Шығыс Қазақстан жерін мекендейтін барлық халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарайтынының  жарқын дәлелі.

      

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …