Сирек кітаптар және иконажазу бөлімі Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллинге арналған IV Ғабдуллин оқуларына қатысты.
Оқу Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қалалық кітапханасында өтті. «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімі музей-қорықтың қор жинақтамаларының негізінде «Серік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге ақынның домбырасы, сағаты, жазу машинасы және басқа да мемориалды заттар қойылды. Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашакудың айтуынша, көрмеде тұрған заттардың бір бөлігін Серік Ғабдуллиннің өзі музей-қорыққа тарту етті. Солардың қатарында оның досы Ғазез Сәттібаев салған Серік Ғабдуллиннің кескіндемелік портреттері бар. 2012 жылы музей-қорықта Серік Ғабдуллиннің 75 жасқа толуына орай көрме ұйымдастырылған болатын. Ғабдуллина Шынар Серікқызы 2017 жылы музей-қорыққа ақынның мемориалдық заттарының тағы бір бөлігін сыйлады. Оның ішінде Жамбыл Жабаевтың және Сәкен Сейфуллиннің бюсті бар.
Өлкетану бөлімінің кітапханашысы Бикамал Мұқиманова өз сөзінде:
- Қатысушылардың Серік Ғабдуллинге тиесілі заттарды көргені өте маңызды. Картиналар, домбыра, кітаптар - оның өзі жасаған, қоршаған әлемі... деді.
Оқудың барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен, жүлдегерлер – дипломдармен марапатталды. Кітапхана әкімшілігінің атынан «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашакуге және қызметкер Карчалова Әселге алғыс хаттар ұсынылды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Prev | Next > |
---|