Музей-қорықтағы мекеме қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы» атты шығармашылық байқауы өткізілді. Балалардың барлық жұмыстары Солжағалық кешеннің әкімшілік ғимаратына қойылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған Ведомстволық жоспары негізінде музей-қорықта «Қазақстан балалары жемқорлыққа қарсы» атты байқау туралы ереже әзірленді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат. Оқушылар байқауға 30-дан астам суреттер ұсынды. Олардың барлығы музей-қорықтың Солжағалық кешен аймағына кіре берістегі әкімшілік ғимаратта (кассалар орналасқан жерде) қойылған.
Суреттердің бірінде жер шарын қолдайтын қолдар пара алудан тазартуда, екіншісі - жасөспірімдер мен жастар «Сыбайлас жемқорлық жойылсын!» деген ұран жазылған плакат ұстап демонстрацияға шыққан. Тағы бір сурет – «бәтеңкедегі үлкен аяқ» қорқып қашып бара жатқан аңды басуда, ал суретте: «Жемқорлықты жаншып таста!» деп жазылған. Байқауға әртүрлі жастағы оқушылар қатысты. 9 сәуір күні өткен көрменің ашылуында «Көрме-экспозиция жұмыстары» бөлімінің меңгерушісі Гулнар Смагулова барлық балалардың берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап еңбектенгенін, сол себепті барлық қатысушыларды жүлделермен марапаттау туралы шешім қабылданғанын айтып өтті. Көрменің ашылуына келген балаларға және олардың ата-аналарына альбомдар мен түрлі-түсті бояулар ұсынылды. Көрме жаздың аяғына дейін көрсетіледі.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Prev | Next > |
---|