2019 жылдың 11 мамырында Семей қаласындағы №29 орта мектебінің орта буын оқушылары үшін музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға 100 адам қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар Мемлекеттік Орыс музейінің тарихымен танысып, оның залдарына саяхат жасады. Суретшілер туралы әңгімеленіп, биылғы жылы 175 жасқа толатын В.Д. Поленовтың өмірі мен шығармашылығына ерекше назар аударылды.
< Prev | Next > |
---|