• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары «Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушылардың шеберлік дәрістері өтті. 2019

«Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушылардың шеберлік дәрістері өтті. 2019

13 маусым күні  «Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэріне қатысушылар шеберлік дәрістерін өткізді.

Оған дейін облыстық өнер музейінде пленэрдің қорытынды көрмесінің ашылу  салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Ол  музейге қойылған тамаша жұмыстары үшін әр елден келген суретшілерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді. «Біз мұндай пленэрлерді жалғастыратын боламыз, - деді аймақ басшысы. Жобаға қатысушыларға ескерткіш жүлделер тапсырылды.

«Жастар» саябағында мерекелік көңіл-күй салтанат құрды. Музей-қорықтың мұрындық болуымен сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме-жәрмеңке өтті. Орталық алаңға жиналған көрермендер пленэр кураторы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, алматылық Есенғали Садырбаевтың, Татарстан Республикасы жас суретшілер шығармашылығы бірлестігінің жетекшісі Ильнура Сиразиеваның, Грузиядан келген Марина Хачатурованың, Семейден келген ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тілеуғазы Жұбанышевтың  кескіндемелік туындылары қалай жасалатынын көріп-білді. Ал музей-қорықтың әкімшілік ғимараты жанында Қырғызстаннан келген суретші-монументалист Момунбек Ақматқұлов балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік дәрістерін өткізді. Момунбек Астарқұлұлы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай пленэрлердің суретшілер үшін маңызы ерекше екенін айтып өтті. «Бұл қуаныштың барлығы соларға арналған, олардың демеуі мен бір-бірімен араласа білуіне жол ашады, - деді халықаралық   «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушы ақтарыла әңгімелеп.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

         

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …