• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Уақытпен танылған Көшбасшы. 2019

Уақытпен танылған Көшбасшы. 2019

Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет жолына арналған

«Уақытпен танылған Көшбасшы» атты көрме ашылды. Оны ұйымдастырған – музей-қорықтың көрме-экспозициялық жұмыс бөлімі.


Онда қойылған кітаптар мен суретті альбомдар Қазақстанға отыз жылға таяу уақыт басшылық еткен Н. Назарбаевтың қызмет жолы туралы әңгімелейді. 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі  республика президентінің лауазымын бекітеді де, Назарбаев Қазақстанның бірінші басшысы болып сайланады. Тәуелсіздікті таныған сәттен және Н. Назарбаевтың басшылық етуінен бастап еліміз әлемдік экономикада айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Президенттің өзі ел көлеміндегі көптеген реформаларға, оның ішінде экономикалық реформаларға  бастамашы болды. Мемлекет басшысының сіңірген ең басты еңбегі ол  халықтың бірлігін сақтай білді, этникааралық және дінаралық қақтығыстарға жол бермеді. Қазақстан кеңестік кеңістіктен кейін алғашқылардың бірі болып  ядролық қарудан бас тартты. Осылайша әлемдік қоғамдастықпен ұзақ мерзімді достық қарым-қатынаста болуға маңызды қадам жасалды.

2019 жылдың 20 наурызы күні Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік лауазымын тоқтатты. 19 наурыз күні ол Мемлекеттік телеарна  арқылы өзіне көрсеткен сенімі үшін халыққа алғыс айтып, ел игілігі жолында қызмет еткеніне бақытты екенін жасырмады.  Н.Назарбаев  Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі міндеттерін сақтап қалды. Ол алдағы уақытта да халықпен бір болуды көздеп отыр.

Көрме залына келушілер Ұлт Көшбасшысы жайлы және оның президент болған кезде қол жеткізген табыстары туралы «Уақытпен танылған Көшбасшы» атты экспозицияның жоғарғы жағына  орналастырылған екі үлкен экраннан ақпарат ала алады.

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

     


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …