• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары «Беловодье» фестивалінің ғасырлық дәстүрлері. 2019

«Беловодье» фестивалінің ғасырлық дәстүрлері. 2019

15-16 маусым күндері Өскеменде ХVII Қазақстан-Ресей «Беловодье» фестивалі өтті. Фестивальдің іс-шараларына музей-қорықтың қызметкерлері қатысты.


 

«Беловодье» – дәстүрлі орыс фольклорының фестивалі. Дегенмен ол фольклормен қолөнершілік дәстүрлер де байланысты. Сондықтан да оның алғашқы күні Достық үйінде халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен қолөнерші шеберлер бұйымдарының фестивалі болды. Орыс этнографиясы бөлімі музей-қорықтың қорынан алынған «Халық тұрмысындағы өрме» атты көрме әзірледі. Онда себеттер, тоз қораптар, шәркейлер, жалпы,  шпон, қайың қабығы және қоға сияқты халықтық  материалдардан жасалынатын заттар қойылды.

 Фестиваль Достық үйінің кіші залында ашылды. Ол концертке Ресейдің  Новосибирск, Барнаул қалалары мен Алматыдан және Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар қатысты. Концерттен кейін ансамбльдердің бір бөлігі Ұлан ауданының Украинка ауылына кетсе, келесілері Глубокое кентіне аттанды. «Сібір мен Алтайдың орыс хороводы дәстүрлері» атты шығармашылық зертханада, Украинкада музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев жетекшілік ететін «Бастеньки» ансамблі де болып, өнер көрсетті.

16 маусым күні фестиваль шеңберінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Троица православтық мерекесі аталып өтті. Ол халықтық дәстүрлер рухында өтті. Этноауылдың кіреберісіндегі шабылған қайыңға күйеу жігіттің костюмі кигізілді. Барлық қатысушылар бет алған орыс қоныс-үйінде екінші қайыңға кигізілген киімдегі қалыңдықты әзіл-шыны аралас сатып алу рәсімі болды. Этноауылдың орталық алаңындағы бас сахнада өткен хороводтан кейін христиандардың бірден-бір бас діни мерекесі – Троицаға арналған концерт көрсетілді. Дәл осы күні Қасиеті Рух жерге түсіп, христиандар Қасиетті үштіктің ұлылығын дәлелдеуге қол жеткізген. Троица – жаңару мен жерге оралған Қасиетті Рух жандану күшін жүзеге асыратын мереке. Халықтың сенімі бойынша бұл күні  жақсылық нышанындай жаңбыр  жауады деп саналады. Яғни, бұл жыл астығы аста-төк, бақытты жыл болады.

«Беловодье» фестиваліне қатысушылар концерттен соң киімі сыпырылып алынған қайыңдар мен көп әйел бірігіп тоқыған сыпыртқыларды суға тастау үшін Ертіс жағасына барды. «Беловодье» Достық үйіндегі  қорытынды концертпен аяқталды. «Мұндай фестивальдар өзінің өту барысында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған мәдениеті мен тарихының көрсетілуімен маңызды, – дейді ШҚ облыстық славян мәдениеті қоғамының төрағасы Александр Яковлев. – Бұл – біз нық тұрған тірек және берік іргетас».

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсіргендер Сергей Суров пен Алексей Мазницын.

                           

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …