26 маусым нашақорлықпен және онымен заңсыз айналысумен Халықаралық күрес күні болып аталып өтіледі. Бұл күні «Жастар» саябағында салауатты өмір салтына арналған іс-шара болып өтті.
Нашақорлықпен күрестің бірден-бір жолы жас жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады. Педагогикалық әдістемелерге сәйкес, балалар бойында анашаға тәуелділікке қарсы иммунитетті мектеп қабырғасынан бастаған абзал. Нақ осындай міндеттерді іске асыру мақсатында Солжағалық кешендегі «Этноауыл» бөлімінің әдіскері Ольга Савельева «Лада» балабақшасы естияр тобының балаларымен «Денсаулық – ең сәнді тренд» атты ойын-конкурстық бағдарлама өткізді. «Жастар» саябағына барар жолда балалармен тәрбиелік әңгіме өткізілді. Ал осы жердегі субұрқақ жанында ойын түріндегі бойжазулар мен әртүрлі ойындар мен конкурстар ұсынылды. «Мұндай акциялар тек салауатты өмір салтын ұстануды ғана үйретіп қоймайды, - дейді Ольга Савельева. – сонымен қатар балалар бойында моральдық және еркіндік қасиеттердің қалыптасуына жол ашады. Осылайша біз олардың бойына кішкентай кезінен мығымдылық пен рух мықтылығының иммунитетін сіңіреміз».
Балалар жүзіне қарап, аталған бағдарлама оларға ұнағанын байқауға болатындай еді. «Біз музей-қорықпен тұрақты әріптес болып келеміз, - дейді «Лада» балабақшасының тәрбиешісі Людмила Лукьянова, – мұнда әрдайым қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұсынылады».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Prev | Next > |
---|