27 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің өкілдері Солжағалық кешенде болды.
Міне, бірнеше күннен бері жастардың «Бірлік» лагері Глубокое ауданының «Дарын» жазғы сауықтыру лагерінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты: жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру, жастар бойында патриотизм, азаматтық теңдік және бірлік тәрбиесін орнықтыру. Сондай-ақ, оның бірден-бір міндеті «ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының (РЖҚ) мақсаттарын танымал ету, олардың іс жүзінде іске асуы болып табылады. ҚХА Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиевтің айтуына қарағанда, жастардың оқу кезінде алған дағдыларын беріктендіре түсу үшін Қазақстанның ерекше көзтартарлықтай ғажаптары орын тепкен этнографиялық музей-қорық таңдап алыныпты.
Қазақстанның әр аймағы мен Ресейден келген жетпістен астам жас Солжағалық кешен аумағында болды, олар үшін Этноауылдағы қоныс-үйлерге экскурсия жасалды. Олар бұл жерде этникааралық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық моделін өз көздерімен көрді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің өкілдері сондай-ақ, Үлкен киіз үйдегі «Құнды мұра» атты экспозицияға да барды. Түстен кейін Этноауылда «Рухани қазына» атты тарихи квест өткізілді.
ҚХА Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының қоғамдық институттармен жұмыс жөніндегі қызметінің және аудандық Достық үйлерінің жетекшісі Равиль Юнусов музей-қорықтың экскурсия жүргізушілері мен қызметкерлеріне жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шығармашылықтарын жүзеге асыруларына жағдай жасағандары үшін алғыс айтты.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Prev | Next > |
---|