• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңындаа. 2019

Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңындаа. 2019

28 тамыз күні музей-қорықтың Солжағалық кешені ШҚО тілдерді дамыту басқармасы Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының тәжірибелік  сабақтар алаңына айналды. Тұрғындарға арналған «Тiлашар» қысқа курсына қатысушылар, қазақ тілін үйренушілер осы жерде өз білімдерін нығайта түсті. Оларға музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері көмектесті.

«Тiлашар» курсында алған білімді нығайта түсу – тілдерді дамыту басқармасы жүргізген «Ойна да күл, қазақша  бiл» атты тіл лагерінің басты мақсаты. Ол үшін балабақшалардың оқытушылары мен әдіскерлеріне, студенттерге, облыс орталығындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, зейнеткерлер мен басқа да санаттағы курс тыңдаушыларына арналған тренингтер мен ойын тәсілдері қолданылады. Солжағалық кешенде өзгеше саяхат сабағы өтті.  Музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку мен кіші ғылыми қызметкері Әсел Қаршалова оған қатысушыларға Этноауылды таныстыра отырып, паровозбен экскурсия жасады. Курс өкілдері экскурсия барысында  қазақ қонысында болып, Үлкен киіз үйдегі «Құнды мұра» атты экспозицияны тамашалады. Ал кешендегі Кіші павильонда Абайдың шәкірті,  Қазақстанның халық ақыны  Төлеу Көбдікұлының (1874-1954) өмірімен, шығармашылығымен танысты.

Қатысушылар сабақ соңында «Тiлашар» курсын бітіргендігі туралы сертификаттар алды. Аталған іс-шараның 5 қыркүйекте республика көлемінде аталып өтілетін Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында өткені  ерекше еді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …