• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Достық пен өзара түсіністік мерекесі. 2019

Достық пен өзара түсіністік мерекесі. 2019

Екі күн бойы – 2019 жылдың 6 және 7 қыркүйек күндері музей-қорықта Жастар жылына арналған «Бірге бақыттымыз» атты этнофестиваль болып өтті. Биыл этнофестиваль Қазақстанда 8 қыркүйек күні атап өтілген Отбасы күні қарсаңында өткізілді. Іс-шара барысында әр түрлі халықтың отбасылық салт-дәстүрлері ұсынылды. «Бірге бақыттымыз» этнофестивалі музей-қорықтың барлық бөлімдерінің  атсалысуының арқасында өте танымды, қызықты және көңіл толтырарлықтай болып өтті.

Ұйымдастырушылар «Бірге бақыттымыз» атты этнофестивальдің бағдарламасы алға қойған міндеттер үдесінен шығу үшін, атап айтқанда, отбасылық құндылықтардың насихатталуы мен қолдау табуы, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және толеранттылық мәдениетін нығайта түсу үшін барлық мүмкіндікті жасады. Осы ретте музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинованың «Жанға жақын өрнектер» атты картиналар көрмесін келтіруге болады. Музей-қорықтың бөлімдері өздерінің театрландырылған қойылымдарында әр түрлі халықтың отбасылық салт-дәстүрлері жайлы баяндады. Оларға бұл  тұрғыда «Ақ ниет» ансамблі, «Бастеньки», «Прялица» сияқты фольклорлық ансамбльдер көмектесті.

  Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев өз сөзінде барлығының да отбасынан бастау алатынына тоқталып, біздің жастар әр нәрсенің тек жақсы жағын ғана қабылдауына тілектестігін білдірді.

Үндістаннан келген қонақтар мерекеге ерекше реңк берді. Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Свами Вивекананда атындағы  (Нұр-Сұлтан қаласы)  үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырза жиналғандарды құттықтады. Музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратына жиналғандар Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық жанындағы үнді билерін қоюшы Шрути Гхож ханымның орындауындағы нағыз үнді биін тамашалады. Ал аталған орталықтың нұсқаушысы Трилок Нараян Тарак йога бойынша көрініс көрсетті.

Мерекелік концертте олардан басқа облыс орталығындағы шығармашылық ұжымдар – «Визит» вокал студиясы, «Пируэт» ансамблі, Amaterasu трайбл-студиясы және «ОХАНА» би трайбл-тобы өнер көрсетті. Мерекеге қатысушыларды оның соңына қарай Ұлы Жібек жолы елдеріне енетін мемлекеттердің шәй ішу салтанаты күтіп тұрған еді. Мәселен, ол жерден қытай мен орыс шәйінен ауыз тиіп, Орта Азияның шәйлары қандай болатынын білуге және қазақтың сүт қатқан қызыл күрең шайы мен бауырсағынан дәм татуға болатын еді.

Шәй фестивалінің өтуіне «Дастархан» ЖШС демеушілік етті.

Этнофестивальда Өскемен қаласының қолөнершілері өз шығармашылықтарын ұсынды. Нақ осы жерде Үндістаннан әкелінген этникалық тауарлар мен кәдесыйлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Шрути Гхож ханым көрермендермен шеберлік дәрісін өткізді. Сонымен қатар ниет білдіргендердің барлығы онымен бірге үнді биін биледі. Балалардың да, үлкендердің де арасында сырт қалған ешкім болған жоқ.

Келесі күні, 7 қыркүйекте Қ. Қайсенов атындағы саябақта Свами Вивекананда атындағы үнді мәдениеті орталығының директоры Санджай Гарг музей-қорық директорының экспозиция-көрмелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Евгения  Рахматулинамен бірге Рабиндранат Тагордың  ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Үнді халқының атақты ұлын еске алу мақсатында өскемендік студенттер  оның өлеңдерін оқыды. Осы арада балалардың «Үндістан балалар көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, оның қорытындысы шығарылды. Оған 80-ге тарта бала мен жас қатысты. 5 жастан бастап, студенттерге дейін, әр топта сурет салғандардың ерекше жұмыстары үнді мәдени орталығының жүлделерімен аталып өтті.

Шағын концертте Шрути Гхож ханым өзінің орындаушылық шеберлігімен баурады. Онымен тағы да үнді билері биленді, сондай-ақ, Трилока Нараяна Таракидің йогасын үйренуге мүмкіндік туды. Үндістаннан келген қонақтар сол күні Солжағалық кешендегі үндінің Радж сарайында да болды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …