Қазан айының басында музей-қорық қызметкерлерінің бір тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды. Іссапардың мақсаты - Ұлттық музейдің Қазақстан Республикасының мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, дамыту және насихаттау тәжірибесімен танысу.
Музей-қорық қызметкерлерінің Қазақстан астанасында болу бағдарламасы әр алуан болды. Біріншіден, Ұлттық музейдің қызметімен егжей-тегжейлі танысу болды. «Қорлар бізді таң қалдырды, - дейді орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Марина Солонец, - бұл заманауи техникалық жабдықталған үлкен бокстар, қалпына келтіру шеберханалары да, сондай-ақ, экспозицияның өзі де әсер етті». Топ ежелгі, ортағасырлық тарих, этнография, Тәуелсіз Қазақстан залдарын, қола дәуірінен Алтын Ордаға дейінгі кезеңді қамтитын алтын бұйымдар ұсынылған алтын залды және тағы басқа залдарды аралады. Сонымен қатар, «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешеніне (тұтқындардың өздері Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері деп қысқартып айтқан), сондай-ақ Қазақстанның қарулы күштері музейіне барды. Сапар бағдарламасына Бейбітшілік және Келісім Сарайы, Назарбаев орталығы (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы) кірді. 3 қазанда музей-қорық қызметкерлері Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және басқа елдердің танымал ғалымдарының қатысуымен өткен «Қазақстанның қасиетті географиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның тыңдаушылары болды.
Саяхатқа қатысушылар тобына әртүрлі саладағы мамандар кірді - қазақ этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Қабдоллаев, орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Марина Солонец, көрме-экспозиция жұмыстары бөлімінің маманы Юлия Павленко, ШҚО халықтары және азсанды этникалық топтар этнографиясын ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Татьяна Свахина. Іс-сапар әр қызметкерге өз қызметін одан әрі жақсы меңгеру үшін пайдалы болды. «Мен ақпараттық дүңгіршектердің жұмысына ерекше назар аудардым», - дейді қазақ этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Қабдоллаев. - Бізде мұндай дүңгіршек Солжағалық кешендегі үлкен киіз үйінде бар. Сондай-ақ, әрі қарай жұмыс істеу үшін әр түрлі ғылыми қызметтен көптеген құнды мәліметтер алынды ».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Prev | Next > |
---|