• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Оның ғаламшары – Қазақстан. 2019

Оның ғаламшары – Қазақстан. 2019

Жазушы-өлкетанушы, ғалым-орнитолог Борис Васильевич Щербаковтың 80 жылдығын мерекелеуге музей-қорық қатысты. Осы іс-шараға арналған «Менің ғаламшарым - Қазақстан» кеші 11 қазанда облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында өтті.

Достық үйінің фойесінде өткен көрмеде экспозициялық-көрме жұмыстары бөлімі музей-қорықтың қорындағы Шығыс Қазақстан табиғаты туралы фотосуреттерді дайындады. Борис Щербаков 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін музей-қорықта экологиялық білім беру әдіскері болып жұмыс істеді және Солжағалық кешеннің үлкен павильонында орналасқан экологиялық көрмені құрушылардың бірі болды. Экспозицияда ихтиофауна, гидрография, рельефтер, Шығыс Қазақстанның жабайы табиғаты және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсетілген.

Белгілі ғалым және жазушының 80 жылдығына арналған кештің режиссеры - музей-қорықтың ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Любовь Лазарева болды. Мерейтой иесін өңір басшысы Даниал Ахметовтың атынан облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк құттықтады. Құттықтауларды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, өзге де мемлекеттік билік және қоғамдық ұйым өкілдері, ғалымдар, жазушылар айтты. Кеште Борис Щербаковтың «Шығыс Қазақстан - Еуразияның жүрегі» (Виктор Понявинмен бірге) және «Жидебайдың жұлдызды даласы» туындылары атап өтілді. Мерекелік концертке қазақтың халық аспаптар оркестрі мен ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы КМҚК «Ертіс концерт» және «Жалында», «Ай Софи» ансамбльдері қатысты. Облыстық драма театрының әртістері Борис Щербаковтың «Настенька» әңгімесін сахналады. Мерейтойлық кештің басты идеясы атақты ғалымның өмір бойы өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтауды насихаттағанын көрсету болды. Щербаковтың бастамасымен Батыс Алтай қорығы құрылып, 10 жылға көктемгі аң аулауға тыйым салынды (2017 жылдан бастап). Оның тікелей қатысуымен Тарбағатай қорығы мен Марқакөл қорығы ұйымдастырылды, Тарханка мен Риддер аудандарында орман кесу тоқтатылды. Облыс әкімі өз құттықтауында атап өткендей, Борис Щербаков - жас ұрпаққа лайықты үлгі.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Сергей Суровтың суреті

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …