• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Облыстық Достық үйінде рухани келісім күні аталып өтілді. 2019

Облыстық Достық үйінде рухани келісім күні аталып өтілді. 2019

17 қазан күні музей-қорық қызметкерлері облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында өткен рухани келісім күні мерекесіне қатысты.

Аталған мереке шеңберінде Достық үйінің фойесінде «Шығыс Қазақстанның діни дәстүрлері» атты көрме ашылды. Онда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімі музей-қорықтың қор топтамасынан алынған құранды, евангелияны, провославтық және католиктік икондарды, сондай-ақ, салттық бұйымдарды ұсынды. Көрмеде осылардың соңғысына  жайнамазды, мұсылмандық, православтық және католиктік тасбиықтарды, ескідәстүршіл лестовкаларды, кадильница мен басқа да шіркеулік бұйымдарды жатқызуға болатын еді.

Көрмені ұйымдастырушылар сирек кездесетін артефақтілердің көмегімен өлкедегі әртүрлі діни конфессиялардың толеранттылығы мен аймақтағы бейбітшілік пен келісімді паш етуге тиіс еді. Олар аталған міндеттер үдесінен шыға білді. Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашаку мен аға ғылыми қызметкер Ольга Осерчева Өскемендегі көпбейінді технологиялық колледждің студенттерімен, дінбасылармен және басқа да көрмеге келуші- лермен дәріс-әңгіме өткізді.

Келушілер музей-қорық қорынан алынып, көпшілік назарына ұсынылған ШҚО сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрмесін  тамашалады. Олар – ағаштан, былғарыдан, киізден жасалған бұйымдар және ұлттық мәнердегі кестелер, сонымен қатар қазақтың ұлттық тоқыма техникасында тоқылған бұйымдар. Көрмені бөлім қызметкерлері Жадыра Рахатова мен Максим Бемм ұсынды.

Діни келісім күніне арналған мерекені Шығыс Қазақстан облысының дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Достық үйінің үлкен залына жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады. Одан соң әртүрлі конфессиялардың, ҮЕҰ-лардың, Шығыс Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан рухани музыка мен поэзия кеші бастау алды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …