• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Абайдың 175 жылдығына дайындаламыз. 2019

Абайдың 175 жылдығына дайындаламыз. 2019

Сирек кітаптар бөлімінің қызметкері Әсел Қаршалова 42-ші мектептің ең кішкентай оқушыларымен бірге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасады. Экскурсия Солжағалық кешеннің «Абай және оның шәкірті Т. Көбдіков» атты стационарлық көрме орналасқан Кіші павильонында болды. Экскурсия аталған мектеп әкімшілігінің өтінімі бойынша өткізілді. Әсел Қаршалова экскурсияны өткізу барысында балалардың жас мөлшерін де ескере білді. Өйткені, олар мектептің мектепалды дайындық сыныбының оқушылары еді. Әңгіме соңында балалар Болат Исиннің Абай туындылары тақырыбына салған картиналар репродукциясы бойынша мозаика құрастырды.

Ұлы Абай жайлы экскурсия қазақ ақынының һәм ойшылының келесі, 2020  жылы аталып өтілетін 175 жылдығына дайындық болып табылады. «Балалардың кішкентай жастан бастап-ақ Абайға қызығатыны қуантады, - дейді сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку. – Мектептегілер   аталған тақырыпты балалардың өздері қалап алғанын айтты».

Солжағалық кешеннің Кіші павильоны қараша айының алғашқы күндеріне  дейін жұмыс істеп, одан кейін  қысқы кезеңге жабылады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …