Музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залдарында Өскемен қаласының «Өмірдің қиын жағдайларында қалған адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» КММ-сінің қызметін алатындар үшін қайырымдылық экскурсиясы өткізілді. Орталық Белоусовка кентінде орналасқан және оның әкімшілігі музей-қорыққа келу үшін шағын автобус бөлген екен.
Музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкері Любовь Лазарева келушілерді «Біз – Қазақстан халқы» атты тұрақты экспозициямен және «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» атты көрмемен таныстырды. Оларда Шығыс Қазақстандағы он музейдің жәдігерлері қойылған. Экскурсия әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар үшін қолжетімді мәдени мұралар әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізілді.
- Біз мағыналы экскурсия өткізгені үшін музей-қорыққа алғыс айтамыз. Мұндай мәдени-әлеуметтік іс-шаралар біздің орталықтың арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне енеді, - дейді Өскемен қаласының «Өмірдің қиын жағдайларында қалған адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» КММ-нің психологы Әйгерім Сүгірбаева. – Барлығы өте қызықты болды!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Prev | Next > |
---|