Музей-қорықта Қазақстан-Американ еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінде «туризм» мамандығына оқитын студенттердің тәжірибеден өту мерзімі аяқталды. Тәжірибе Жастар жылы аясында өтті. Студенттер ай көлемінде экскурсия жүргізуші маман жұмысының қыр-сырынан хабардар болды. Ақпараттық-ағарту бөлімі мен экскурсиялық қызмет көрсету секторындағы аталған мамандықтың бір бағыты осындай. Олар бөлімдер қызметкерлерінің көмегімен музей-қорық құрылымына қатысты барлық жұмыспен, сондай-ақ, экскурсия жүргізушінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Студенттер тәжірибеден өту қорытындысында арнайы тақырыптар бойынша экскурсия мәтінін дайындады. Ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, қазір олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мультимедиялық ресурс бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде Орыс музейіне өтінім жіберілді, ал желтоқсан айында ол жақтағы конкурсқа материалдар жіберілетін болады.
28 қараша күні музей-қорық директоры Арсен Тен тәжірибеден өтушілермен кездесті. ҚАЕУ колледжінің оқытушысы Валерия Зайцева студенттердің тәжірибеден өтуіне жағдай жасағаны үшін музей-қорықтың басшылығы мен ұжымына алғыс айтты. Келесі жылдың көктемінде музей мамандарының басшылығымен студенттермен экскурсия өткізу жоспарланып отыр. Арсен Владимирович студенттердің музей-қорық үшін нағыз резерв болатынына сенім білдірді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Prev | Next > |
---|