• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Семейде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер көрмесі ашылды. 2019

Семейде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер көрмесі ашылды. 2019

27 қарашада Семейдегі Абайдың  мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Өскемендегі облыстық музей-қорық қорынан алынған  «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» атты көрме ашылды. Музейаралық әріптестік шеңберінде ашылған көрмеде Болат Исиннің қазақтың ұлы ақыны Абай мен оның шәкірттері Шәкәрімнің, Әсет Найманбайұлының, Төлеу Көбдікұлының, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейдің, Қайым Мұхамедхановтың туындылары желісінде кескіндемемен және акварельмен салған жұмыстары қойылды.

Аталмыш көрмені ұйымдастырушы облыстық музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку оның ашылу салтанатына абайтанушылар, суретшілер, Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенттері қатысқаны жайлы әңгімеледі. Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева құттықтау сөз сөйледі.

Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығы мен Абай  музей-қорығы арасында музейаралық әріптестікті одан әрі жалғастыру мақсатында 5 жылға бағытталған меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде бірлескен көрмелер, конференциялар мен әртүрлі форумдар өткізу көзделіп отыр.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суреттерді Абайдың Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі»  музей-қорығы ұсынған.

 

 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …