Ақын Владимир Фирсовтың: «Бәрі де өтеді. Ал Отанның өзгермейтіні ақиқат. Онымен бірге өмір сүреді, оны сүйеді, қамығады, қуанады және Отан үшін жығылып, қайта биікке самғайды. Дауыл артынан кемпірқосақ салтанат құрады, ал бейнет соңынан өмір салтанат құрады!» деген жолдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға өзіндік бір негіз болған сияқты. Кездесуді 2019 жылдың 11-12 желтоқсан күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бриг» атты жекеменшік бизнес-мектебінің оқушыларымен өткізді.
Ол көпшілікке танымал «Ақылды ұлдар мен ақылды қыздар» атты ойын түрінде өтті. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, оларды өз елінің патриоты болып, өз елін мақтан тұтатын қасиетте тәрбиелеу. Әрине, ондайда балалардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығы да оянары сөзсіз. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, тұңғыш ғарышкер туралы және дала символдары - өсімдіктер жайлы сөз сапталатын викториналар жол ашады. Сондай-ақ, қара алтын – көмірдің отаны ретінде тарихқа енген қала туралы әңгіме де. Бөлім әдіскері Любовь Лазарева басқа да көптеген сұрақтар қойды. Атап өтерлігі сол, ол сұрақтардың барлығы 5-7 сынып жасындағы оқушылардың деңгейіне әбден сәйкес келеді. Ал музей-қорықтың тарихшы-қызметкерлерінен тұратын білікті қазылар олардың жауаптарын бағалап отырды. Алдымен іріктеу туры, одан кейін негізгі ойын.
«Бұл өте қызықты», - дейді өз пікірлерін білдірген оқушылар. Ойын аяқталды, ал оған қатысқан барлық оқушы асқан жігермен «Менің Отаным – Қазақстан» дейді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Prev | Next > |
---|