26 желтоқсан күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі болды. Онда 2019 жылы білім беру, әлеуметтік сала және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мәжіліске музей-қорықтың топ қызметкерлерi, сондай-ақ, Кеңес пен қоғамдық кеңес жанындағы эксперттік жұмыс тобының мүшелері, мектеп мұғалімдері және облыстың басқа да музейлері мен кітапханаларының өкілдері қатысты.
Мәжілісте облыс әкімі Даниал Ахметов 2019 жылдың қорытындысы, шекаралық аумақтарды дамыту турасындағы арнайы кешенді бағдарламаның жүзеге асуы жайлы айтып өтті.
Баяндамасының соңында ол ғалым, жазушы Борис Щербаковты ғылым мен шығармашылық салада еткен еңбегінің 60 жылдығымен құттықтап, «Нива» көлігінің кілтін табыс етті. Борис Васильевич қалың елге ғалым-орнитолог ретінде кеңінен таныс. Ол 20-дан астам құс түрін анықтады, көп жылдар бойы жас натуралистер станциясын басқарды, 35 кітап пен 300-ден астам ғылыми мақала жазды. Музей-қорықта Борис Щербаков экологиялық ағарту жөніндегі әдіскер болып еңбек етті және ол Солжағалық кешеннің Үлкен павильонында орналасқан экологиялық экспозицияны жасаушылардың бірі болып табылады. Онда Шығыс Қазақстанның балықтар фаунасы, гидрографиясы, рельефтері мен жануарлар әлемі, сонымен қатар ерекше қорғалатын аумақтары көрсетіледі. Борис Щербаков облыс әкіміне алғыс айтып, оның сыйлығын қанатты құс ретінде қабыл алып тұрғанын жеткізді! Ол бұған қоса алдағы уақытта облыс бойынша сапарларға шығып, ғылыми және шығармашылық қызметін жалғастыра беретінін жеткізді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Prev | Next > |
---|