• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары жаңалықтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туындыларын оқығанда өз замандасың жазып отырғандай әсер аласыз. Өзінен кейін өлмейтұғын сөз қалдырып, өзіне өлеңнен мәңгі ескерткіш орнатқан ақын шығармашылығы  өзектілігін жоймайды. Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы айқын дәлел.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ақынның шығармаларынан мысал келтіре отырып, мемлекеттің бүгінгі жүргізіп отырған саясатына тоқталады. Мақаланы оқып, кемеңгер ақынның өз заманында халқына жүктеген мақсат-міндеттері бүгінгі жаһандану дәуірінде де өзектілігін жоймай келе жатқанын байқайсыз.

Мақаланың «Ұлттық болмыстың үлгісі» бөлімінде Абай шығармаларына арқау болған, бүгінгі мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші – ғылым, сапалы білім беру, тіл үйрену, Абайдың «толық адам» концепциясы, интеллектуалды ұлт, парасатты патриотизм жайлы толыққанды жазылған. Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы – құптарлық дүние.

Мақаланың «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» бөлімінде нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қарасөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ашылуы керектігі жөнінде жазылады. Мақалада Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттау мақсаты қойылған.

Біздің міндетіміз – ғұлама Абайдың шығармаларын өз саламызда насихаттау.

Ләйлім есімді сіңлімізден еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын біздің музей-қорығымыздың ғылыми қызметкерлері де жалғастыруда. Біз Абай  шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын оның туған күніне дейін жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінге дейін кемеңгер, ойшыл Абайдың өлеңдерінен, философиялық ой-толғамдары ұсынылған қара сөздерінен үзінділер қазақ және орыс тілдерінде оқылып, музей-қорығымыздың сайтында, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

 

Гүлжан КАШАКУ,

облыстық музей-қорық директорының  ғылым жөніндегі орынбасары

 

 

   

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …