Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің оқушылары М. Горький көшесі, 59 ғимаратындағы көрме залдарында болу барысында қазақ халқының зергерлік өнері қалай дамығаны жайлы естіп-білді.
Экскурсияны қазақ этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ләйлә Асылова жүргізді. Ол балаларға музей-қорық қорынан алынған бұйымдардан тұратын стационарлық көрмені, сондай-ақ, белгілі суретші-зергер Сержан Бәшіровтің зергерлік өнер бұйымдарының топтамаларынан тұратын дүниелерді көрсетті. Суретші-зергер бұйымдарынан құралған «Ата-баба мұрасы – ұрпақтар қазынасы» атты көрме музей-қорық залдарында біраздан бері көпшілік назарына ұсынылып келеді.
Бұл экскурсия балалар үшін нағыз тарихпен жүздесумен пара-пар болды. Балалар сонымен қатар «Жоғарғы Ертіс қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты көрме орналасқан залды да аралап көрді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Prev | Next > |
---|