2020 жылдың 30 қаңтары күні музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы №11 орта мектептің оқушылары үшін Шығыс Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі жайлы сыр шертетін «Бір шөптесін, қос сүрлеу...»ты ойын-танымдық бағдарлама өткізді.
Лесовичок атты ертегі кейіпкері орманнан балалар үшін тапсырма болып табылатын сиқырлы себетпен келеді. Бұл тапсырмалардың астарында музей-қорықтың табиғи-ландшафттық әлеміне зер салу бар. «Біз балаларға зообағымыздағы жануарлар мен құстар, сондай-ақ, саябақтарда өсетін дүниелер жайлы білуге жетелейтін арнайы танымдық материал береміз», - дейді бөлім әдіскері Марина Борисенко.
Алдағы уақытта дәл осындай бағдарламаны №24 орта мектептің бірінші сынып оқушыларымен және мектепке дейінгі дайындық тобындағылармен де өткізу жоспарлануда.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Prev | Next > |
---|